Денсаулық • 20 Ақпан, 2024

Коронавирустан құтылған жоқпыз

146 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде коронавирус инфекциясына қатысты эпи­де­мия­лық ахуал баяғыда тұрақталғанымен, Алматы қала­сында жыл басынан­ бері 217 адамның корона­ви­рус жұқтырып алғанын арнау­лы­ лаборатория анықтап отыр. Індетке шалдыққандардың 14 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Коронавирустан құтылған жоқпыз

Осы мәселеге орай, Өңір­­лік ком­муникациялар қыз­ме­­тінде өткен бри­фингте Алма­ты қалалық сани­тар­лық-эпи­демио­­ло­гиялық бақылау депар­­та­мен­тінің басшысы, қала­ның бас мемлекеттік сани­тар­лық дәрі­гері Қасымхан Алпыс­бай­ұлы кейінгі 7 күнде ауру жұқ­тырғандар саны 1,5%-ға өскенін, 42 тұрғыннан коро­на­ви­рус табылғанын мәлімдеді. Оның алдындағы аптада зертхана 29 адамда вирус бар екенін рас­­таған еді. Сон­дықтан эпиде­мио­­­лог­терге инфек­­цияның алдын алуда вакци­налау­­дың ма­ңы­­зын қайта еске салуға тура ке­леді.

«Коронавирус індетінің алдын алу үшін маска тағып, жұрт көп жина­латын жерлерге барудан, қа­шықтық сақтап, қызуы жоға­ры науқастардан абай болу керек. Кеселдің алдын алу үшін үй-жайды үнемі желдетіп, таза­лық сақтап, жеке гигиена ере­желерін сақтаған жөн», дейді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Департамент мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері тіркелген 217 жағдайдың ішінде ауру­ханаға өздігінен ке­ліп қа­рал­ған – 190, про­филак­ти­ка­лық мақ­сатта тек­серіл­ген – 17, эпи­де­­мио­ло­гия­лық көрсет­кіш­тер бо­йынша 10 адамның коронави­рус жұқ­тыр­ғаны аян болды.

Жыл басынан бері Covid-19 ин­фекциясын жұқтырғандардың жас ерекшелігіне тоқталатын бол­­сақ, бір жасқа дейінгі балалар – 21, 14 жасқа дейінгілерде – 30, 15-19 жастағы жасөспірімдер ара­­сында – 8, 20-39 жас аралы­ғын­­дағылардан – 76, 40-59 жас ара­­лығындағы адамдардан – 34, 60 жас және одан жоғары жас­та­­ғы­­лар арасында 69 жағдай тір­келді.

Тағы бір тоқтала кететін мә­се­ле – қызылша эпидемиясы. Қа­­сым­хан Алпысбайұлының ай­­туынша, Алматы қаласында 2023 жылдың наурыз айынан бе­рі зертхана растаған 5 563 жағ­­дай тіркелді. Оның ішінде 14 жас­­қа дейінгі балалар арасында 4 011 (72,1%), 15 жастан 18 жас­қа­ де­йінгі жасөспірімдер арасында – 217 (3,9%) және ересектер ара­сында 1 335 (23,9%) адам қы­­зылша жұқтырғаны белгілі болды.

Әсіресе балалар арасында қызылшаның өршуіне бірінші кезекте екпеден бас тарту себеп болып отыр. Бұған қоса вакциналау­дан медициналық босатылғандар мен егу жасына жетпегендіктен екпе салдыр­мағандар арасында да қызылша жұқтыру көп тіркеліп жатыр.

Өз кезегінде санитарлық-эпиде­миологиялық қызмет мамандары қол қусырып, қарап отырған жоқ. Қалада қызылшаға, паротит қызамығына қарсы халықты қосымша жаппай иммундау жұмысы жалғасып жатыр. Мәселен, 2023 жылғы 6 қараша мен 2024 жылғы 14 ақ­пан аралығында Алматыда қызылшаға қарсы ҚЖИ шең­бе­рінде барлығы 156 794 адамға екпе жасалса, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 12 201 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі 77 807 бала, 8 676 медицина қызметкері мен бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған 58 110 бала қайта вакциналаудан өтті.

Балаларды жоспарлы түрде екпе салу тұрғылықты жері бо­йынша қаланың емханаларында тегін жүргізіледі. Вакциналау үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстанда тіркелген, қызылшаға, қызамыққа, эпиде­миялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады.

 

АЛМАТЫ