Үкімет • 26 Ақпан, 2024

Күн тәртібі нақтыланды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Күн тәртібі нақтыланды

Талқылауға депутаттар әзірле­ген ғылым мәселелері бойынша заң жобасын қарау ұсынылады. Құ­жат­та жергілікті атқарушы орган­дардың ғылым саласындағы өкі­лет­тіктерін кеңейту, әлеуметтік кепіл­діктерді ұлғайту және педагогтер мен ғылыми қызметкерлер үшін қосымша төлемдер беру көзделеді.

Екінші оқылымда мәжіліс­мендер байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласы­ның инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері туралы заң жоба­сын қарайды. Депутаттар баста­ма­шы болған бұл заң жобасы теле­к­ом­муникациялық инфра­құры­лым­ды дамытуға, қалалар мен елді мекен­дердегі байланыстың қолжетім­ділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға бағытталған.

Алдағы жалпы отырыста Тәуел­сіз Мемлекеттер До­с­тас­­ты­­ғы­на қатысушы мем­ле­к­ет­­­тер­дің қоғам­дық денсаулық сақтау саласын­да­ғы санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімдерге, зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспек­тілері, сондай-ақ Өзбек­стан­мен одақтастық қатынастар тура­лы шарттарға қатысты ратифика­циялық заң жобаларын талқылау ұсынылады.

Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері көлік құралдарының жеке­леген түрлерінің қозғалы­сын ұйымдастыру және жол қауіп­сіздігін цифрландыру, сон­дай-ақ туристік саланы қолдау мәселелері бойынша жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.