Білім • 08 Наурыз, 2024

Көпбалалы ұстаздарды құттықтады

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің әр өңірінен елордаға келген көпбалалы ұстаздарды құттықтады.

Көпбалалы ұстаздарды құттықтады

Ғани Бейсембаев құттықтау сөзінде қоғамда әйелдердің ерен еңбегінсіз даму мүмкін емес екенін атап өтті. Олардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлін ешкім жоққа шығара алмайтынын жеткізді.

«Сіздер тәуелсіз еліміздің болашағы – жас жеткіншектерімізді тәрбиелеп, бүкіл елдің игілігі жолында еңбек етіп ке­лесіздер. Сол үшін Халық­аралық әйел­­­­дер күні мерекесі аясында шынайы ал­ғы­сымды білдіремін. Сіздер кәсі­би ше­бер­ліктеріңіз бен қажыр-қай­рат­та­рыңыз­дың арқасында ана мен ұстаз мін­­детін қатар алып жүрсіздер. Осы жол­­да зор денсаулық, сарқылмас сабыр ті­лей­мін. Өмірлеріңіздің әрбір сәті бақыт­ты кезеңдерге толы болсын», деді
министр.

Мереке қарсаңында еліміздің бас ұс­­тазы педагогтерді «Білім беру ісі­нің құр­метті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен мара­пат­т­ады. Марапат алғандардың қатарын­да елордадағы №96 мектеп-гимназия ди­ректоры Сәуле Теменова, физика пәнінің мұғалімі Дәмелі Қошқарбаева, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері Ақшагүл Ақмағамбетова, Меруерт Қабиева, Апидаш Рахымжанова, Гүлнар Ишанбай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Майра Шайхиева, Лаура Семеева, Светлана Жұманова, Алтынгүл Шаймағанбетова, Әсел Ер­мен­таева, орыс тілі және әдебиетінің мұға­лімдері Нұргүл Оспанова, Әлия Нұрах­метова, математика пәнінің ұстаз­дары Маржангүл Әбдікәрімова, Бағлан Құсманова, тарих пәнінің мұғалімі Жанат Айдағараева және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақмарал Сайфутдинова бар. Айта кетейік, бүгінде еліміздегі білім беру ұйымдарында 470 мыңға жуық әйел педагог еңбек етеді.