Байқау • 12 Наурыз, 2024

«Елорданың еркетайы»

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мем­лекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке­мен­шік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауы өтті.

«Елорданың еркетайы»

«Астана дарыны» дарын­ды балалар мен талантты жас­тарды анықтау және қолдау орта­лығының ұйым­дас­ты­руы­мен өткен жарыстың ірік­теуінде 140 бейнематериал қа­ралды. Сайысқа қатысушы балдырғандар бірнеше аталым бойынша бақ сынап, өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ, «Вокал» бағыты бойынша 19 өнерпаз, «Хореография» аталымы бо­йынша 29 би тобы, «Во­кал­дық топ» аталымында 20 топ, ал «Музыкалық аспаптарда ойнау» бағытында 6 ансамбль, барлығы 75 өнер шығар­масы қазылар алқасы назарына ұсынылды.

– «Елорданың еркетайы» атты өнер байқауы 2017 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Яғни бұл сайыс бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойынан бас­тау алды. Осы байқауда алғаш сахнаға шығып, өнер көрсеткен балдырғандарымыздың бір­қа­­тары бүгінгі таңда респуб­ли­ка­лық, халықаралық додаларда топ жарып жүр. Біздің де мақсатымыз осы еді. Яғни дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау арқылы межелі мақсатқа жол салып беріп отырмыз, – дейді «Астана дарыны» орталығының бөлім­ әдіскері Нұржамал Мырза­ғалиева.

Талантқа талап берген бай­қау­дың нәтижесінде әр аталымда үздік шыққан өнерпаздарға «Астана дарыны» орталығының кубогі және дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.

 

Бекзат ҚҰЛШАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті