Үкімет • 15 Наурыз, 2024

Сыртқы сауданы реттеу мәселелері

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халық­аралық экономикалық ұйымдарға мүшелік ету мәселелері жөніндегі салааралық комиссия сыртқы сауданы реттеу мәселелері бо­йынша бірқатар шешім қабылдады.

Сыртқы сауданы реттеу мәселелері

Фото: primeminister.kz

Ел аумағынан сұйы­тылған мұнай газын шығаруға ты­йым салу 6 ай мерзімге ұзар­тыл­ды. Бұған дейін тыйым ше­кара ма­ңындағы елдерге сұйы­тылған мұнай газын шығару және ішкі нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында салынған болатын.

Бидайды автомобиль, темір­жол, сондай-ақ су көлігімен әкелу­ге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылды. Елімізге бидайды Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан әкелудің және оны автомобиль көлігімен кері экспорттаудың «схемаларын» іске асыру қаупі әлі де сақталып отыр. Өз өнімдерін өндіру және тұтыну үшін ұн тартатын және құс өсіретін кә­сіп­­орындарға теміржол арқылы та­сы­­малдауға ерекше жағдайлар жа­сал­ды. Әке­лінетін бидайды ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға болмайды.

Сондай-ақ қытайлық мойын­ті­рек­тер өндірушілері мен үндіс­тан­­дық электродтар өндіру­ші­ле­рі­не қатысты демпингке қар­сы шараларды 5 жылға ұзарту ма­­­құлданды. Бұл шаралар ұқ­сас та­уар­лардың отандық өндіру­ші­ле­рін қорғау үшін қабылданды. Мо­йын­тіректер үшін демпингке қарсы баж салығы тауар құнының 31,3-41,5%-ын, графиттелген электродтар үшін 16,04-32,83%-ын құрайды.