Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

174 мың вейп тәркіленді

158 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Көлеңкелі экономикамен күрес жұмыстары жыл өтк­ен сайын қарқынды жүргізіліп жатқанына қара­мас­­тан, заңсыз тауар айналымы толас­тар емес. Ак­циз­делетін өнімнің заңсыз айналымы өңірде де өр­шіп кеткен болатын. Жамбыл облысы бойынша эко­­номикалық тергеп-тексеру департаменті кон­тра­­фактілік алкоголь және темекі өнімдерінің кө­лең­келі айналымымен тоқтаусыз күресіп жүр. Нәти­же­сінде, заңсыз кәсіпті игергендер қолға түсіп жатыр.

174 мың вейп тәркіленді

Ресми дерекке­ жү­гінсек, 2022 жылы жа­уапты департа­мент өкілдері алкоголь өнім­­­­де­рін шығаратын жерас­ты цехын анықтап, заңсыз кәсіппен айналысқандардың ісіне тосқауыл қойды. Атал­ған цехта жалған тіркеу-бақылау маркалары бар 20 мыңнан астам шөл­мек суррогат спирті анық­талған. Сол жылы департа­мент қызметкерлері контра­фак­ті­лік брендтерді пайдаланып, алкогольдік өнімдерді заңсыз сатуға қатысты 4 қылмыстық істі анықтаған еді.

Жамбыл облысы бойын­ша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қыз­меткері Жағыпар Иса­таев­тың айтуынша, тіркелген қыл­мыстық істерді жедел іздестіру іс-шаралары дер кезінде жүргізілген. Нәти­же­сінде, 99 642 шөлмек немесе 41 634 литр алкогольдік өнім, сондай-ақ 2 765 литр спирт қосылған сұйықтық тәр­кіленіпті. Суррогат спирт­тің айналымда жүруі адам­дар­дың денсаулығына да айтар­лықтай кері әсер еткен.

«Нақты айтар болсақ, 2021 жылы облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарына суррогат алкоголь өнімінен улану бо­йынша 93 адам жүгінген болса, 2022 жылы – 22, 2023 жылы 36 адам ауруханаға түскен. Кейінгі уақыттағы ста­тистика 2021 жылмен салыс­­тырғанда мұндай дерек­тердің айтар­лықтай азай­ғанын ай­ғ­­ақ­тап отыр. Әйт­кенмен депар­­тамент қыз­мет­керлері заңсыз тауар айна­лымымен тоқ­тау­сыз күрес жүргізіп жатыр», дейді Ж.Исатаев.

Өкінішке қарай, акциз­де­летін өнімдердің заңсыз тауар айналымы 2023 жылы да тіркелген. Алкоголь және темекі өнімдерін заң­сыз саудалауға бел буған аза­мат­тардың заңға қайшы әре­­кет­тері жауапты департа­мент қыз­меткерлерінің дер кезінде іске кірісуінің арқасында тоқтатылған. Біраз азаматқа қатысты іс сотқа жолданған.

«2023 жылы алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымы факті­ле­ріне қатысты департамент Қылмыстық кодекстің 214, 233-баптары негізінде құны 5 млрд теңгеден асатын акцизделетін өнімдерді заңсыз әкелу фактілері бо­йынша 23 қылмыстық істі тіркеді. Нақтырақ айтар болсақ, 6,5 миллион қорап темекі мен 174 мың вейп айналымнан алынды. Оның ішінде 15 іс сотқа жолданып, 3 іс мемлекеттік бюджет­ке­ келтірілген залалдың то­лық өтелуіне байланысты оңал­туға жатпайтын негіздер бо­йынша тоқтатылды. Қазіргі таңда 5 дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы жылы акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қатысты 6 қылмыстық іс тіркеліп, оның екеуі сотқа жолданды», дейді Ж.Исатаев.

Қалай десек те көлеңкелі экономикаға аңсары ауған­дар айылын жимай тұр. Таяуда ғана «Айша бибі» өткізу пунктінде шекарашылар заңсыз жолмен өткізбек бол­ған 3,5 мил­лион қорап темекіні тәркіледі. Бұл іс те департаментке тапсырылғаны белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, халықаралық стандартқа сай келмейтін кез келген өнім адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Алайда кейінгі уақытта азаматтар тауардың сапасына емес, құнына бас ауыртып отырғаны анық. Бағасы төмен болған соң тұтынушылар арзан тауарды сатып алуға талпынады. Оны күнделікті өмірде де байқап жүр­міз. Әсіресе темекі өнім­­дерін тұтынатындар кө­терме ба­ға­мен Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­нан жеткізілетін «Oris» те­ме­кісін жиі сатып алатыны бел­гілі. Өкінішке қарай, серти­фи­каты жоқ, стандартқа сәй­кес келмейтін мұндай өнім­дер­дің заңсыз айналымда жүр­геніне бірнеше жылдың жүзі болды.

 

Жамбыл облысы