Фото: Видеодан алынған кадр
«Кувейттегі консулымыздың хабарламасына сәйкес, Мангаф (Кувейт) жергілікті билігі қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ екенін хабарлады», делінген СІМ мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, 12 маусым күні таңертең Мангаф қаласында тұтанған өрт салдарынан 50-ге жуық көз жұмды. Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, үй иесі өрт қауіпсіздігіне немқұрайды қараған. Жалын жұмысшылар тұратын көпқабатты үйден тұтанған. Полиция өкілі көз жұмғандардың басым бөлігі көмірқышқыл газынан уланғанын айтқан еді.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті