Білім • 20 Тамыз, 2024

Педагогтер біліктілігін арттырды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда педагогтер «География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс істеудің білім беру технологиялары» атты біліктілікті арттыру курсына қатысты.

Педагогтер біліктілігін арттырды

Ұстаздарға арналған біліктілікті арттыру курсы 5-16 тамыз аралығында Алматы қаласында өтті. Аталған дәріс сабақтары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша КДИ орта білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының жоспарына сәйкес өткізілді.

ш

«Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы Ләззат Дүнгенбайқызының жетекшілігімен өткен дәрістерде топография және картография саласы, оның ішінде географиялық зерттеулерде картографиялық әдістерді қолдану  және кеңістіктегі ақпараттарды талдауға арналған статистикалық деректерді өңдеуді үйрендік. Қатысушылармен оқушылардың жан-жақты дағдыларын дамытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану және енгізу бойынша тәжірибе алмастық. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын сабақты ресімдеуде кездесетін қиындықтар мен проблемаларды анықтау, білім сапасын арттыру міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін дер кезінде шаралар қабылдау, жобалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың бойында құндылық қасиеттерді дамытудың жаңа педагогикалық идеялары көрсетілді.

л

Географиялық ақпараттық  жүйелердің тиімділігін үйреніп, компьютерлік өңдеу технологияларымен таныстық. Осы курстан алған білімімізді дарынды оқушыларды дайындау үшін қолданамыз.

 

Гүлназ АДЕНОВА,

«Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп»

 мемлекеттік коммуналдық мекемесінің география пәнінің мұғалімі