Фото: pixabay.com
Қыздардың мәйітін анықтаған оқиға куәгерлері төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Қайғылы оқиға орнына жедел жәрдем және полиция қызметкерлері жеткен, алайда қыздарды аман алып қалу мүмкін болмаған.
Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Сонымен қатар қалалық білім бөлімі Алмалы ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің барлық мән-жайын зерделеу үшін комиссия құрылғанын хабарлады.