Фото: Fotolia/Mr Korn Flakes.
Павлодар облысының білім басқармасы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«18 қыркүйекте Павлодар қаласындағы колледждің 2007 жылы туған студенті Павлова көшесіндегі үйдің ауласында мұғалімге пышақ жарақатын салып кеткен. Мұғалімге медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық», деп хабарлады облыстық білім басқармасы.
Колледж басшылығы төтенше жағдайға бекітілген алгоритм бойынша әрекет еткенін атап өткен.
«Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды. Студент ұсталды. Білім басқармасы білім беру ұйымдарының басшыларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді», деп толықтырды ведомстводан.