Білім • 24 Қазан, 2024

Еліміздің үздік педагогтарына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні қарсаңында елордада «Үздік педагог - 2024» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биылғы жылы аталған байқауға мектептер мен колледждерден барлығы 1750 мұғалім қатысып, оның ішінде 64 педагог өз ісінің үздігі болып танылды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Еліміздің үздік педагогтарына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі әріптестерін салтанатты жағдайда құттықтап, қоғамдағы ұстаз рөлінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын қазақстандық ұстаздар халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Министр биыл оқушылар әлемдік беделді пәндік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алғанын және бұл жүлделердің екеуі алтын медаль екенін атап өтті.

«Мемлекет күллі педагогикалық қауымдастыққа орасан зор сенім мен құрмет, қолдау білдіріп келеді. Күні кеше ғана біздің екі ұстазымыз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды, бүгін де педагогтерімізді төрге оздырып, оларға құрмет көрсетудеміз. Бұл марапаттардың барлығы ұстаздардың еліміздің игілігіне, адами капиталды қалыптастыруға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз адал еңбектерінің мемлекет тарапынан лайықты бағаланатынын және педагог мәртебесін көтерудің жаңа кезеңін айғақтайды», деді Ғани Бейсембаев. 

Айта кетейік, республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден астам) мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды. 

Сондай-ақ Республика күніне арналған салтанатты шарада оқу-ағарту жүйесінің бірқатар қызметкерлеріне «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдері, «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері және басқа да ведомстволық наградалар тапсырылды. 

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03