Қоғам • 28 Қазан, 2024

Елімізде 13,7 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 13,7 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

Фото: ult.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда елімізде ШЖК пайдаланатын 1 799 жұмыс беруші бар. Оларда 390,2 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,6 пайызын құрайды.

«Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 144 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 638 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 439,  өңдеу өнеркәсібі – 1 376 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 344 адам. Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 600 адам, Өзбекстан – 1 698 адам, Түркия – 1 145 адам, Үндістан – 1 101 адам», делінген хабарламада.

Айта кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.