10 Наурыз, 2017

Баға қайда барады?

548 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еліміздің Статистика комитеті азық-түлік бағаларының жыл ішіндегі өз­герісі туралы нақты статистикалық деректерді жариялады.

Баға қайда барады?

Әдетте «жауырды жаба то­қитын» жұмсақтығымен танылған Ста­тис­тика комитеті бұл жолы ащы шын­дық­ты мо-й­ындауға мәжбүр болған сы­ңай­лы. Рес­ми цифрлардан анық белгілі бол­ға­нын­дай, елімізде өткен жылдың ақпан айы мен биылғы жылдың ақпан айының ара­лығында азық-түлік бағасы негізінен 10 пайызға, жекелеген азық-түлік түрлері бой­ынша 30 пайызға дейін қымбаттапты. Мә­селен, өткен жылдың ақпан айынан бе­рі кофе мен шайдың бағасы 29,3 па­й­ыз­ға өссе, жарма өнімдерінің бағасы 26,2 пайызға қымбаттаған. Ең өкініштісі, көп балалы отбасылардың тіршілік тірегі – нан бағасы 13,1 пайызға қымбаттап, кә­­дімгі бірінші сортты бидай ұнынан пі­сі­р­ілген бір бөлке нанның бағасы 125 тең­геден асып жығылыпты.

Жақында Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева еліміздегі азық-тү­лік және дәрі-дәрмек бағасының не­гіз­­сіз қымбаттауына тосқауыл қою қа­жет­­­тігін атап көрсетті. Аграрлық сек­тор­­ға мемлекет тарапынан үнемі аса қо­­­­мақты қаржылық қолдау көр­се­тіліп ке­­­­ле жатқанына қарамастан, ауыл­­ша­руа­шы­­­лық өнімдерінің бағасы үс­ті-үстіне қым­­­баттауда. Құйылған қар­жы­ның еш­бір қайтарымы жоқ. Фар­м­а­цев­тика са­ла­­сындағы жағдай да осындай, деген өкі­­нішін білдірді сенатор.

Иә, елімізде нарықтық қатынастардың жұ­мыс істей бастағанына ширек ғасырдан асса да, өркениетті экономикалық заң­ды­лықтар жұмыс істемейді. Барлық дең­­­гейдегі сауда орындары алыпсатар дел­далдардың иелігіне берілген. Бә­се­ке­лестік ортаның қалыптасуына жасан­ды кедергілер жол бермейді. Тауар өн­ді­р­у­ші тұтынушының сұранысынан да, өз тауарының базардағы нарқынан да бей­хабар. Экономиканың тынысын тарыл­татын «жабайы капитализмнің» осын­дай келеңсіздіктері үстемдік құрып тұр­ған­да, еш­қашан баға арзандамайды. «Ашын­ға­н­­нан шығады ащы дауысың» де­гендей, мұн­­дай үзілді-кесілді тұжырым жа­сау­ы­мызға еліміздің экономикасындағы бар­лық қатынастарды «ашса алақанында, жұ­мса жұдырығында» ұстап отырған лоббистердің жымысқылығы себеп болып отыр. Жақында газетімізде жарық көрген бір мақалада тежеусіз кеткен бағаны бағындырудың бір жолы ретінде «өнім өндірушілердің өз тауарларын тұ­ты­нушыға тікелей жеткізуі үшін жан-жа­қ­ты жағдай жасалуы керектігі» ту­ра­­лы мәселе көтерілді. Әрине, ауыл ша­руа­шы­лығындағы егіншілер, бағбандар, мал өсі­ру­шілер өз өнімдерін тұтынушыға тікелей са­татын болса, баға да әділетті, сапа да жо­ғары болар еді. Әттең, оған әртүрлі дең­гей­дегі лауазымды қызметтерде отырған лоббистер жол бермейді. Бірер мысал…

Осыдан тура 10-15 жыл бұрын да нақ осы мәселе күн тәртібіне өткір қойы­лып, ауыл шаруашылығындағы тауар өн­ді­рушілердің өз өнімдерін қаладағы тұ­тынушыға ешбір делдалсыз тікелей өт­кізуі үшін жағдай жасау қолға алынды. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында бар­лық облыс орталықтарында, оның ішін­де Астана қаласында «Шапағат», «Әсем» сияқты коммуналдық сауда орталықтары ашылды. Алғашқы ке­зең­де шындығында да, ауылдан келген қарапайым тауар өндірушілер осы ком­муналдық орталықтардан сауда сө­релері мен орындарды арзан бағаға жал­ға алып, өз тауарларын өткізе бастады. Өздері белгілеген бағаға өнімдерін са­тып, ауылдық тауар өндірушілер мәз болса, арзан әрі сапалы азық-түлік тау­­а­рларына қолы жеткен қалалық тұ­ты­нушылар да риза болды. Бірақ бұл «батпан құйрықтың» өмірі ұзаққа бар­ма­­ды. Бәсекелестік ортада бағаның уыс­­тарынан шығып кететінін түсінген алып­­­сатарлар жергілікті биліктегі «кры­ша­ларына» шағымданды. Олар әр­түрлі кедергілерді ойлап тауып, ауыл­дық тауар өндірушілердің өз өнім­де­рін тұ­ты­ну­шыға тікелей сататын мүм­кін­діктерін ше­к­теді. Қазір бұл ком­мун­алдық сау­да орталықтарының аты да, заты да өз­герген.

Екінші бір мысал. Осыдан біраз жыл бұрын ел Үкіметі «2009-2015 жылда­ры Қазақстан Республикасындағы м­ұ­най өңдеу зауыттарын дамытудың кешенді жос­парын» қабылдаған болатын. Қы­руар қаржы бөлініп, нақты зерттеулер нә­тижесінде белгіленген бұл жоспар бойын­ша, 2015 жылы елімізде мұнай өңдеу кө­лемі 18 млн тоннаға жеткізіліп, «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартына сәйкес ке­летін сапалы бензинмен еліміздің сұ­ранысын толық қанағаттандыратын бол­ған. Міне, қазір 2017 жылдың алғашқы тоқ­саны да аяқталып қалды, «баяғы жарт­ас – бір жартас». Еліміздегі жанар-жа­ғар­май тапшылығы да жойылар емес, ша­рықтаған бағасы да тоқтар емес. Осы рет­те көптен бері талас тудырып келе жат­қан төртінші мұнай өңдеу зауытын сал­маған күннің өзінде, осы аталмыш жос­парды жүзеге асыруға не кедергі болды? Жауап – біреу. Елімізде «жаңбырдан кейін­гі саңырауқұлақтай» қаптаған жа­нар-жағармай стансаларының мол табы­сы­нан «жонып жеп» отырған билік тар­мақ­тарындағы «көкелер» бұл жоспарды жү­зеге асыруға мүдделі емес. Ендеше, қол­дан жасалған қымбатшылықты ауыз­дық­таудың да ауылы алыстау сияқты…

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»