Оқиға • 04 Ақпан, 2025

Қазақстанда 400 мыңнан астам шетелдікке ЖСН берілген

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы елімізде ұялы байланыс операторларына тіркеліп, банк карталары мен шоттарын ашқан 435 408 шетел азаматына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 400 мыңнан астам шетелдікке ЖСН берілген

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетейік, 2024 елімізге 15 294 699 шетел азаматы келген. Олардың 41 851-і елде тұрақты қоныстанып қалған.

«Осы кезеңде елден 15 252 848 шетел азаматы кеткен. Оның ішінде Өзбекстанға 5 820 299, Ресейге 3 301 001, Тәжікстанға 960 926, Қырғызстанға 3 329 523 адам оралған. 2024 жылы елімізге келген 435 408 шетел азаматтарына ЖСН берілді. Барлық шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуының жалпы мерзімі 30 күнді құрайды», делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың басынан қаңтар айының соңына дейін елге 925 152 шетел азаматы келген. Олардың 177 892-і Ресейден, 367 228-і Өзбекстаннан, 46 037-і Тәжікстаннан және 222 712-і Қырғызстаннан. Сондай-ақ биыл 27 186 шетелдік жеке сәйкестендіру нөмірін алған.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді уақытша тоқтатқан еді.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше