
Фото: Azattyq Rýhy
Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің теміржол вокзалдарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарының атқарылу барысын баяндады.
Министрдің мәліметінше, бүгінге дейін 5 вокзалға реконструкция жүргізілген. Жыл соңына дейін туристік бағыттарды қосқанда тағы 53 вокзалды жөндеу жоспарланып отыр.
Ал вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан параллельді түрде қамтамасыз етіледі.
Үкімет басшысы теміржол вокзалдарын жөндеудің маңыздылығын атап өтті.
«Мен сізге вокзалдарға қатысты тапсырма бердім. Бұл біздің имиджімізге қатысты өте маңызды мәселе, сондықтан аталған жұмыстар биыл аяқталуы керек», Олжас Бектенов.