
Фото: Ашық дереккөз
Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00-де болған зілзала ауылдық аймақтағы бірнеше ғимараттың қирауына және зақымдануына әкелген. Абырой болғанда, жарақат алғандар мен қаза тапқандар тіркелмеген.
Қауіпсіздік мақсатында тұрғындар түнді ашық алаңдар мен мешіттерде өткізген. Қазіргі уақытта арнайы қызметтер қираған үйлер мен ғимараттарды тексеріп, шығын көлемін есептеп жатыр.