03 Шілде, 2010

ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚШЫ

449 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі және “Қазақстан Ға­рыш Сапары” ҰК” АҚ-тың ұй­ым­дастыруымен “Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму шеңберінде ғарыш жо­ба­ларын іске асыру” тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Қазақстан, француз, неміс және ресей ғарыш саласының маман­дары қатысқан бұл жиынды атал­ған агенттіктің төрағасы Тал­ғат Мұсабаев ашты. Дөңгелек үс­тел стратегиялық әріптестік және “ҚҒС” ҰК” АҚ мен француздық EADS Astrіum компаниясы ын­тымақтастығының алғашқы нә­тижелері мен бола­шағы тақы­ры­бында өрбіді. Ұлттық ғарыш агент­­­­­­тігінің төрағасы өз сөзінде атал­мыш іс-шараның өт­кізілуін “Қа­зақстан Ғарыш Са­пары” ұлт­тық компаниясының құ­рыл­ғанына 5 жыл толуымен жә­не елордамыздың мерейтойы­мен тұспа-тұс келіп отырғанды­ғымен байланыстырды. Келесі кезекте сөз алған се­ріктес EADS Astrіum француз ком­паниясының президенті Франсуа Ок қазақстандық ғарыш сала­сы­ның мамандарымен бірге жос­пар­да тұрған аса маңызды жобаларды жүзеге асыратынына қуанышты екендігін жеткізді. Сонымен қатар, “Қазақстан Ға­рыш Сапары” ҰК” АҚ прези­денті Ғабдуллатиф Мырзақұлов сөз сөйлеп, француз компания­сымен бірге жүзеге асырылғалы отырған жобалардың мазмұны­мен таныстырды. Жиынға қатысушылар “Қа­зақ­стан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ компаниясының сратегиясының Қазақстанның ғарыш саласын дамытуда маңызы зор екендігін атап өтті. Онда негізгі инвести­ция­лық жобалар: ғарыш аппа­рат­тарын құрастыру-сынау кешені, Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ға­рыш жүйесі мен жоғары дәлдікті спутниктік навигациясының жерүсті инфрақұрылымы және Ұлттық ғарыш орталығының қамтамасыз етуші инфрақұ­ры­лымын құру көзделген. Ғарыш ведомствосының бас­шысы оның әріптестері мен қыз­меткерлерінің алдында елдің ғарыш инфрақұрылымын дамыту жөніндегі міндеттердің тұтас кешенін шешуге бағытталған орасан зор жұмыс тұрғанын еске сала отырып, жобаларды жүзеге асыруда бәріне сәттілік тіледі. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ғарыш жүйелерін, ғарыш жүйе­лері өнді­рісінің құралдарын, ға­р­ыш аппа­раттарын ғарышқа шы­ғару және оларды басқару құрал­дарын құру, озат ғарыштық тех­нологиялар трансферттері мен олар­ды игеру, қазіргі ғарыш техни­касын әзірлеу және өндіру мамандарын даярлау қажет. Аталған міндеттерді шешуге ба­ғыт­талған бірінші кезектегі жо­балар Ғарыш аппараттарын құ­растыру-сынау кешенін (ҒА ҚСК) және Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Жерді қашықтықтан зон­дтау ғарыш жүйесін құру (ЖҚЗ ҒЖ) жобалары болып отыр. Журналистердің қойған сұ­рақтарына жауап берген агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев Аста­нада салынғалы отырған ғарыш­тық аппараттарды құрастыру және сынау кешені EADS Ast­rіum француз компаниясымен бір­лесіп салынатынын мәлімдеді. Атал­­мыш компания бұған дейін 16 ғарыштық жүйені құрастыруға кең көлемде атсалысып, Фран­ция, Тайвань, Бразилия, Алжир, Ресей, Корея, Голландия, Үнді­стан, Гер­мания және АҚШ сын­ды мем­ле­кеттер үшін ғарыштық аппарат­тарды құрастыру және сы­нау ке­шендерін салып, олар­дың аяғынан тік тұруына аса жо­ғары ықпал ет­кен. Келісілген жо­балардың ая­сында фран­цуз­дық әріптестер бізге Жерді қа­шық­тықтан зонд­тай­тын алғашқы ға­рыштық аппа­ратын құрасты­рып беретін болды.   Осы жоба­ларды жүзеге асыру үшін “EADS Astrіum” француз компаниясы сияқты қазіргі ғарыш техникасы мен технологияларын құруда үлкен тәжірибесі мен ғылыми-техникалық әлеуеті бар басқа да стратегиялық әріптестер тарты­латын болды. Қатарынан үш күн өткізіліп жатқан шаралардың қоры­тын­дысы ретінде бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш орталығын салу орнында ескерт­кіш белгісі мен стеланың ашы­луы өтетіндігін айта кетпекпіз. Әспет ӘБДІРЕШОВА, СҚМУ студенті.