Ұстаз • 10 Қараша, 2025

«Адал азамат» бағдарламасы: Кәсіби дайындықтан қанша педагог өтті?

1 мин
оқу үшін

Президенттің тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы биылғы оқу жылы басталғалы мемлекеттік мектептермен қоса 700-ден астам жекеменшік мектепке, яғни барлық білім беру ұйымдарына енгізіліп отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Адал азамат» бағдарламасы: Кәсіби дайындықтан қанша педагог өтті?

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Аталған жоба жас буынға жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, адал азамат қалыптастыруға бағытталғаны мәлім.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, отандық білім беру ұйымдарында тәрбиенің біртұтас экожүйесін қалыптастыру мақсатында министрліктің ұйымдастыруымен педагогтер үшін семинар-тренигтер ұйымдастырылып жатыр. «Адал азамат» бастамасы бойынша 23 мыңнан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті. Бұл іс-шара мектептерді әдістемелік қолдау, жобаның мәнін түсіндіру және өңірлерде тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, педагогтер практикалық кейс-сессиялар мен тренингтер арқылы нақты іс-қимыл алгоритмдерін жасап, жұмыс жоспарларын әзірледі. Бұл тәжірибе ұстаздардың теориямен ғана шектелмей, нақты қадамдар арқылы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруды меңгеруіне бағытталды.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49

Ғабит ғибраты

Руханият • Бүгін, 08:45