Саясат • Кеше

Маңызды мәселелер пысықталды

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сенат депутаттарының өңірлерге сапары жалғасып жатыр. Ауыл-аймақ халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралаған сенаторлар өңірлердің басты мәселелеріне мән берді.

Маңызды мәселелер пысықталды

Сурет: instagram.com/turkistan_oblysy

Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек Түркістан қаласы мен Отырар ауданында болды. Сенаторлар Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан «Алтын дала мақта» мен «Turkestan тextile» өндірістік нысандарының жұмысымен танысып, еңбек ұжымда­рымен кездесті. Кездесуде олар Парла­менттің сессиясы кезінде қабылданған, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заңдар туралы, өндірістік аймақтың инвестициялық ахуалын жақсартудың, экспорттық әлеуетін арттырудың маңызын айтты.

Сондай-ақ депутаттар Түркістан қаласының активімен кездесіп, онда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығын қолдау, құқық­тық жүйені жетілдіру мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Түркіс­танның ерекше мәртебесі туралы заңды іске асыру аясында Алаш қозға­лысының қайраткерлеріне арнал­ған мұражай ашу туралы бастама көтерілді. Сенаторлар тарихи-рухани мұраны сақтау ісін Үкіметпен бірлесіп қолға алатындарын жеткізді.

Отырар ауданында сенаторлар іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен, оның ішінде «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» көп­функ­ционалды кешеннің құрамын­дағы заманауи мақта өңдеу зауытын аралады. Олардың айтуынша, кәсіпорын қазір заманауи агротехноло­гияларды енгізіп, су ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отыр. Жалпы, ауыл-аймақтарда су үнемдеу технологиясын дамыту ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға зор ықпал етеді.

Ал сенатор Нұртөре Жүсіп Т.Жүр­­генов атындағы Ұлттық өнер ака­демиясының басшылығымен, про­фессор-оқытушылар құрамымен кез­десіп, өнер саласын дамыту мәселе­лерін талқылады. Депутат академия елі­міздегі негізгі зияткерлік, шығар­ма­шылық орталық, сондай-ақ ұлт­тық өнер мектебінің ұстасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұнда болашақ сахна, экран мен бейнелеу өнері шеберлерінің көркем ойы, кәсіби мәдениеті, азаматтық жауапкершілігі қалыптасады. Сенатор өнер саласына білікті маман даярлау мәселесін де алға тартты.

«Көркемдік білім беру жүйесінің алдында кәсіби дағдыны жеткізу ғана емес, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жаһандық кеңістікте жұмыс істей алатын мәдени жауапты, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Оқытушылар, олардың мамандыққа деген талапшылдығы мен адалдығы болашақ отандық өнердің сапасын айқындайды. Қазір білім бағдарламаларын жаңарту, оқытудың практикалық құрамдас бөлігін күшейту мен театр, киностудия, мұражайлар мен халықаралық мәдени институттармен ықпалдасу өзекті болып отыр. Бұл мемлекет пен кәсіби қоғамдастықтың өзара тығыз іс-қимылын талап етеді», деді депутат.

Сонымен қатар сенатор Алтынбек Нұхұлы Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер мұражайында болды. Ол мекеменің қызметімен, кейінгі жылдары табылған жаңа экспонаттармен, жүзеге асып жатқан цифрлық жобалармен таныс­ты. Эвакуация, өрт қауіпсіздігі, күзет, климаттық ерекшелік және сақтау жағдайы бойынша талаптармен қоса мұражайларға ұлттық қауіпсіздік стандарттарын әзірлеу мәселелері қаралды. Сенатор ұжымның айтылған ұсыныстарын одан әрі пысықтауға алып, олардың іске асырылуына қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Бұған қоса А.Нұхұлы Екібас­тұз қаласының әкімі Аян Бейсекин­мен кездесіп, Екібастұз қалалық мәс­ли­хатының сессиясына қатысты. Онда қаланың бір жылдағы әлеумет­тік-экономикалық дамуының қоры­тын­дысы шығарылып, Мемле­кет басшысының өңірлік инфрақұры­лымды жаңарту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жастарға жаңа мүмкіндік жасауға бағытталған тапсырмаларын іске асыру мәселелері қаралды. Сенатор мәслихат депутаттарына қала дамуының оң серпінін сақтауға бағытталған міндет­терді табысты іске асыратынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар