Экономика • Бүгін, 08:38

Жезқазған – Қарағанды автожолы қайта жаңғырады

3 мин
оқу үшін

Халықты ұзақ жыл күттірген республикалық маңызы бар Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы ресми түрде қолға алынды. Жолдың жалпы бағыт ұзындығы – 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Жобаға тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ. Жезқазған – Қарағанды автожолының құрылысын халықаралық қаржы институттары қаржыландырады.

Жезқазған – Қарағанды автожолы қайта жаңғырады

Республикалық маңызы бар жол құрылысының салтанат­ты түрде бастау алуына арнал­ған іс-шараға Премьер-министр­дің бірінші орынбаса­ры Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлытау об­лы­­сының әкімі Дастан Рыс­пеков, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев,  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев: «Бұл – Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы, ел үшін ай­рықша маңызы бар әрі көп­тен күткен жоба. Бүгін оның құры­лы­сына ресми түрде бас­тау бе­ріліп отыр. Жоспарға сәйкес жоба 2029 жылы аяқталуға тиіс. Бола­шақта бұл автожол елдің сол­түстік және орталық өңірлерін оңтүс­тік аймақтармен байланыс­ты­ратын аса маңызды көлік дәлі­зіне айналады. Мердігер ұйым­дар­мен келіссөздер жүр­гізіп, тиіс­ті міндеттер жүк­тейміз. Дайын болған учаскелер бойынша қозғалыс бүкіл тас жолдың құрылысы толық аяқталғанын күтпей-ақ, кезең-кезеңімен ашылатын болады. Негізгі мақсатымыз – құрылыс қарқынын жеделдетіп, жобаны мүм­кіндігінше ертерек аяқтау», деді.

тау

Жаңа автожол қолданыстағы тас жолмен қатар салынады. Жоба аясында қауіпсіздік пен сапа­­ның заманауи талаптарына сай келетін жаңа ІІ техникалық санатқа ауыстырылып, әр бағытта екі жолақтан болады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық ком­­паниясы» АҚ басқарма төра­­­ғасы Дархан Серікұлы жоба­ның Қазақстанда тұңғыш рет DBM (Design – Build – Maintain) форматында іске асырылатынын жеткізді. Демек мердігер ком­паниялар жолды өздері жобалайды, салады. Пайдалануға берілгеннен кейін жеті жыл бойы өз күшімен күтіп-ұстауға яғни жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

Құрылыс жұмыстары бір мез­гілде төрт учаскеде жүргізіледі. Қа­зір құ­рылысшылар аумақты дайын­­дау, жобалау және жер төсе­мін салу жұмыстарын бас­тап кетті.

«Барлық жауапкершілікті бір ғана мердігер ұйымның қолына шоғырлануы жобаны іске асыру үдерісін тиімді әрі ашық етеді. Жұмыстарды 2029 жылы аяқтап, осы жол учаскесінде көлік қозғалысын ашуды жоспар­лап отырмыз», дейді Дархан Иманашев.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл жобаның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін айтып, маңызды жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне шынайы ризашылығын білдірді. Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков республикалық маңызы бар бұл автожолды қайта жаңғыртуды өңір тұрғындары мен мыңдаған жүргізуші ұзақ жылдар бойы күткенін айтты.

Жоба толық аяқталса, өңір­лер арасындағы көлік қаты­насы жақсарып, жол қозғалы­сының қауіпсіздігі артып, жолау­шы­лардың уақытын біршама үнемдеуге мүмкіндік туады.

 

Ұлытау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Жас талғамайтын би байқауы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Бір ғасыр бұрынғы суреттер

Жәдігер • Бүгін, 08:53

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Қараусыз қалған саяжайлар

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мың жылқының дүбірі

Мирас • Бүгін, 08:45

Төскейдің сәні төрт түлік

Аймақтар • Бүгін, 08:43