Фото: fifa.com
Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталуы керек болған, футболшылар алаңға жаттығу жасауға ойынның жоспарланған уақытынан кешірек шықты.
«Мехикодағы қолайсыз ауа райына, соның ішінде стадион маңындағы найзағай қаупіне байланысты футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Мексика мен Эквадор құрамалары арасындағы матчтің басталуы жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге ауыстырылды», делінген хабарламада.
ФИФА барлық қатысушы мен көрерменнің қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, жанкүйерлерге түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия құрамасы Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алған еді.