Сауда •

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

2 мин
оқу үшін

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп арзандаған өнім – қияр. Оның бағасы бір аптада 6,5 пайызға төмендеді. Сондай-ақ қызанақ4,1 пайызға, сәбіз2,1 пайызға, сиыр еті мен жұмыртқа0,6 пайызға, сүйекті сиыр еті0,3 пайызға, ал балық 0,1 пайызға арзандады.

Өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі Қызылорда және Жезқазған қалаларында 0,4 пайызды, Петропавл, Өскемен, Қарағанды және Түркістанда 0,2 пайызды, ал Алматыда 0,1 пайызды құрады. Ал Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында баға өткен аптадағы деңгейде сақталды.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы 549 теңгені құрады. Ең төменгі баға Атырауда тіркеліп, бір келісі 365 теңгеден сатылған.

ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?

Тазартылған күріштің орташа бағасы 533 теңге болса, ең арзан күріш Қызылордада – 456 теңге, Алматыда – 478 теңге болды.

Ал ақ қырыққабаттың орташа бағасы 196 теңгені құрады. Оның ең төменгі бағасы Түркістанда тіркеліп, бір келісі 136 теңгеден сатылған.

Бірінші санаттағы 10 дана жұмыртқаның республика бойынша орташа бағасы 563 теңге болды. Ең қолжетімді баға Қызылордада – 460 теңге, Ақтөбеде – 484 теңге болып тіркелді.

Үш аптадан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары тұрақтанып тұр

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апта сайын есептеледі. Қазіргі таңда бұл тізімге 31 түрлі азық-түлік өнімі енгізілген.

Айта кетейік, елімізде бірінші тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есе төмендеген. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова нарықтағы оң өзгерістерді жылыжай шаруашылықтарын қолдау бағдарламасының әсерімен байланыстырды.

Соңғы жаңалықтар