27 Тамыз, 2010

Негізгі ережелері мақұлданды

407 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр К.Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан Рес­публикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес­тің отырысы өтті. Шараға Білім және ғылым министрі Ж.Түй­мебаев, Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед, кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыста Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланды. Бұл іс-шара өткен кеңес оты­рысының жалғасы болды. Себебі, кеңестің алдыңғы отырысында Қазақстан Республикасының Білім саласын жетілдірудің 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасының жобасы талқыланған болатын. Жоғарыда аталған екі стра­тегиялық құжат жастарға тікелей қатысты және олардың болашақ­тарын айқындайды. Сонымен қатар, мемлекет пен қоғам үшін мемлекеттің бағдарламалық құжат­тарын жасау мен жүзеге асыруда жастардың қатысуы мен үлесі маңызды. Кеңестің отырысында қарал­ған Тілдерді қолдану мен дамы­ту­дың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарлама­сы­ның жобасы әлемдік тәжірибедегі тіл саясаты саласының талдауына негіз­делген және тіл проблема­ларымен айналысатын сарапшы қоғамдастықтың пікірлері мен ұсыныстары негізінде әзірленген. Тілдерді қолдану мен дамыту­дың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарла­масы­ның жобасында көрсетілген­дей, құжат­тың негізгі мақсаты Қазақ­станда тұратын барлық этностар тілдері­нің сақталуы жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат болып табылады. Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің пайым­дауын­ша, аталған бағдарламаны іске асыру­дың нәтижесінде мемле­кеттік тілді меңгерген қазақстан­дықтардың үлесін 95 %-ға дейін, орыс тілін және ағылшын тілін меңгерген қазақстандық­тардың үлесін сәйкесінше 90%-ға және 20%-ға дейін ұл­ғай­туға мүмкіндік бар. Тілдерді қолдану мен дамы­тудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарла­ма­сының жобасында көрсетіл­ген­дей, бағдар­ламаны іске асыру 3 кезеңде іске асырылатын болады. Бірінші ке­зең­де (2011-2013 жылдар) тілдерді одан әрі қолдану мен дамытудың норма­тивтік-құқықтық және әдісна­малық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу, ал екінші кезең шең­берінде (2014-2016 жылдар) мем­лекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әр­алуан­дықты сақтауда жаңа техно­логиялар мен тәсіл­дерді енгізу бойынша практика­лық іс-шаралар кешенін іске асыру жоспарланған. Бағдарла­ма­ның үшінші кезеңінде (2017-2020 жылдар) басқа тілдердің қолданылуын одан әрі сақтай отырып, қоғам өмірінің барлық саласындағы мемлекеттік тілге деген сұраныс дәрежесіне, оның тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу көзделген. Сонымен қатар, білім және ғылым саласында мемлекеттік тілдің дамуы туралы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түй­мебаев баяндама жасады. “Мем­лекеттік тілді оқытудың инфра­құрылымы айтарлықтай кеңей­тіл­ген (қазақ тілді балалар бақ­ша­­ларының саны 940-қа жетті, ол 2001 жылмен салыстырғанда 68% жоғары, 3811 мектепте мемлекет­тік тілде оқып жатқан оқу­шылардың саны жарты мил­лионнан асады). Сондай ақ, ми­нистрдің сөзіне сүйенсек, мем­лекеттік тілді дамыту мәселелері Қазақстан Республи­ка­­сы­ның Білім саласын жетіл­діру­дің 2011-2020 жылдарға ар­нал­ған мем­лекеттік бағдарлама­сының жоба-сында көрініс тапқан. Оның айтуынша, барлық қазақ­стан­дық азаматтарға қазақ тілін толық меңгерту үшін мем­лекеттік тілді оқытатын үздіксіз жүйе құры­латын болады: “ол тіл­дерді меңгерудің әлемдік стан­дарт­тары негізінде “Балалар бақ­шасы – мектеп, кәсіптік лицей, колледж – жоғары оқу орны” болады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес отыры­сының қорытындысы бойынша кеңес мүшелері Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жыл­дар­­ға арналған мемлекеттік бағ­дар­ла­масы жобасының негізгі ере­же­лерін мақұлдап, бағдар­ла­ма­ның іске асуына сәттілік тіледі. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.