28 Тамыз, 2010

Бақуатты өмірге жол ашқан

725 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Тәуелсіз мемлекетіміздің конституциялық дамуының жа­ңа кезеңіне жол ашқан Ата За­ңның қабылдануы консти­ту­­циялық құрылыстың құ­қықтық негізін қалады. Мем­ле­кеттік және қоғамдық сая­си жүйенің негізгі қағидатта­рын орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Консти­ту­ция Қазақстан Республи­ка­сы дербес мемелекет ретінде ұл­тына қарамастан онда тұ­ра­тын барлық адамдардың ер­кіне сәйкес жасалды. Конституцияның ал­ғы сөзіндегі “Біз ортақ та­рихы бар, тағдыр бірік­тірген Қазақстан халқы...” деп жазылған сөйлемнің мағынасы терең. Өйткені, Қазақстан халқы­ның тари­хи тағдырының бірлігі ел ау­мағында көптеген ұлт өкіл­­дерінің жүздеген жыл­дар бойы бірге тұруы нәти­же­сінде қалыптасты. Себе­бі, олардың әртүрлі кезең­де, әртүрлі жолдармен біз­дің елімізге қоныс аударуы­на тура келді. Бірақ біз тумысынан қо­нақ­жай әрі бауырмал екендігімізді танытып оларға құша­ғымызды айқара аштық. Ешкімді де жатсынғанымыз жоқ. Бірлік пен татулықтың арқасында қазақстан­дықтар бірлесе отырып, елдің тәу­елсіздігін қорғады, жеңіс үшін май­данда қатар жүріп ерлік көрсетті. Еліміздің тәуелсіздігі мен еге­мендігін Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың адамдары бірауыздан қолдап, бір кісідей мойындады және олар өткен кезеңдердегі тағдырларының тарихи бірлігін іс жүзінде дәлелдей оты­рып, бірауыздан жаңа мемлекетті одан әрі дамытуға дайын екендік­терін көрсетті. Ойымды түйіндеп айтар болсам, Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғам өмірінің жол көрсету­шісі – Ата Заңы болып табылады. Бұл идеяның меншікке, азаматтар­дың құқықтары мен бостандық­тарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін әрқашан ұмытпауымыз қажет. Ата Заңды қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын іске асырды. Біз осылайша Конститу­цияда негізі қаланған құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғам­ды қалыптастыру жолын таңдап алып болашаққа бастайтын тура жол таптық. Егемен еліміздің аса маңызды мәсе­ле­лерін талқылау және шешу кезінде құқық­тық санасы жоғары әрбір азамат Конс­титуцияда көрсе­тілген жауапкершілікті жан-жақты сезінуге тиісті. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда өз Ата Заңымызды құрметтеп, қор­ғап және ма­ңыз­дылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің бар­лығымыздың, яғни Қазақстан Республика­сындағы әрбір азаматтың міндеті мен па­рызы. Себебі, Конституция біздің бүгі­ні­міздің негізін қалай отырып, болашағымыз­дың берік болуына бастайтын шамшырақ іспетті десек артық айтқандық бола қоймас. Кез келген демократиялық мемлекеттің таңдаған өркениетті бағыты бой­ынша да­муына ықпал ететін заңды іргетасы – Конс­титуциясының болуы міндетті және онда айтыл­ғандарды бұлжытпастан орындау бар­лық азаматтың қасиетті боры­шы. Дүние жү­зіндегі елдердің барлығындағы мемлекеттік басқару тетігі Конституция негізінде және соның аясында жұмыс істейді. Бұл кез келген құқықтық мемлекеттің басты өмірлік нормасы болып табылады. Конституцияның тура бағытта жұмыс істеуі – мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының кепілі. Ата Заңда бекітілген азаматтар­дың құ­қықтары іскерлік сипатқа ие. Бұл, әсіресе, елі­міз үшін дағдарыс­ты кезеңде анық кө­рі­нуде. Конс­титуциямыз бойынша әлеуметтік мемлекет қағидаты негізделген әлеуметтік саясат – өзінің табиғаты бойынша әлеуметтік тұрғыда қор­ғалмаған азаматтарға жанашырлық білдіретін қайырымдылық қызмет емес. Бұл – азаматтардың әлеумет­тік құқықтарына кепілдік беретін және қорғайтын мемлекеттің конс­титуциялық мін­деті. Осы арқылы азаматтардың әділет­тілік негіз­де­гі құқықтары сақталып, мате­риал­дық құндылықтары қамтамасыз етіледі. Конституциялық кеңестің бір шешімінде атап көрсетілгендей, адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандығын конститу­циялық тұрғыда мойындау ең жоғарғы құн­дылық болып табылады. Мемлекет үшін адамға деген қамқорлықтан, оның мате­риалдық әл-ауқатын арттырудан басқа маңызды ештеңе жоқ. Сондықтан да мемлекет адам­дардың лайықты өмір сүруі үшін бәрін жасауға міндетті. Әлеуметтік мемлекет қоғамның әрбір мүшесінің жұмыссыздық, мү­ге­дектік, қарттық және жалғы­зіліктілік жағдайында денсаулығын, азаматтың және отбасының игілігін қолдау үшін әлеуметтік саясатты жүргізуге тиісті екендігі Конститу­цияда ай­қын бекітілген. Ата Заң міндеттерін жүзеге асыруда еліміз­дің азаматтарын әлеуметтік қорғау және олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға қатысты республика Консти­туциясының жоғарылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган – Конституция­лық Кеңестің рөлі ерекше екені сөзсіз. Ата Заңымызға сәйкес, Алматы облысында атқарылып жатқан жұ­мыстарға келсек, биылғы жарты­жылдықта прокура­тура органдары тарапынан облыс бойынша азамат­тардың конституциялық құқықта­рын қорғау, оның ішінде еткен ең­бегін бағалап, еңбекақысын дер ке­зінде төлеу бойынша еңбек құқы­ғы да бар. Жыл басынан бері про­куратура органдары тарапынан мемле­кеттік өкілетті органдардың мониторингі және өзара әрекеті бой­ынша қызметкерлеріне 1 345 084 168 теңге көлемінде еңбекақыға қарыз 81 кәсіпорын анықталды. Соған орай прокурорлық шаралар қолданылып, 49 кәсіпорын жұмысшылар ал­дындағы 240 млн. теңге көлеміндегі қарыздарын толық өтеді. Сондай-ақ 14 кәсіпорын 582 млн. теңгеден астам қарыздарын бөліп төлеуде. Прокурор­лық қадағалау актілері бойынша 348 млн. теңге көлемін­дегі еңбек­ақы қайтарылды. ҚР ҚК 148-бабы, 3-тармағы бой­ынша тоғыз қылмыс­тық іс қозғалып, үше­уі сот­қа жіберіліп, екі қыл­мыс­тық іс тараптардың татула­суы­на бай­ланысты тоқта­ты­лып, төрт қыл­мыстық іс бойынша тер­геу амалдары жүргізілуде. Прокуратура қылмыс­тық жау­ап­қа тартылған­дардың конституция­лық құқықтарының бұзыл­мауын қадағалауды да на­зардан тыс қал­дырмайды. Құзырлы органдардың қылмыстық істерге тергеу жүргізуі барысында заң­ды­лықтың сақтауы, аза­маттарды тергеу изоля­тор­ларына әкелу­лері және онда ұстаула­рының заңдылығы тергеу және анықтау органдарындағы заң­дылықты қадағалау жөніндегі нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес тұрақты түрде тексеріледі. Биыл ішкі істер органдары тарапынан заңсыз ұсталған 38 адам прокуратураның араласуымен босатылды. Мұның барлығы Қыл­мыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабында көрсетілген талаптардың өрескел түрде жиі бұзылатындығын көрсетеді. Мәселен, осы жылдың 2 мамырында түнгі сағат 01.20-да прокуратура қызметкерлері Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің Каменка полиция бөліміне тексеру жүргізіп, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдік бой­ынша бір ер адам мен бір жүкті әйелді және кәмелет­ке толмаған екі баланы жедел із­дес­тіру тобының қызметкерлері 33 сағат бойы заңсыз ұстағанын ан­ықтады. Оларға қатысты ешқандай құжат толтырылмағандығы, тіпті ұсталған адамның тіркеу кітабына аты-жөндері жазылмағандығы белгілі болды. Заңсыз ұсталынған азаматтар дереу босаты­лып, осы әрекетке жауапты бес полиция қыз­меткерін тәртіптік жауапкерші­лікке тарту жөнінде облыстық ішкі істер департаментіне ұсыныс жіберілді. Сондай-ақ, биылғы жылдың 20 нау­рызында Заречный кентіндегі ЛА-155/8 мекемесінің қызметкер­лері Алматыдағы СИ-1 мекемесінен келген сотталушы Сағатовтың қо­лына кісен салып, оны резеңке шоқ­пар­мен ұру арқылы соққыға жық­қан. Меди­циналық-сот сарап­та­масының қорытынды­сымен сот­та­лушының ауыр дене жарақатын алғандығы анықталды. Арнайы про­куратура ЛА-155/8 мекемесі бас­ты­ғының орынбасары Сызды­қов­тың және т.б. қызметкерлердің үстінен Қылмыстық кодекстің 308-бабы, 4-тармағы, “б” тармақша­сы­мен қылмысты іс қозғап, тергеу жүргізуде. Әлеуметтік-экономикалық сала­дағы заң­дылықтарды қадағалау бой­ынша жүргізілген тексерулер нә­тижесінде 15501 азаматтың консти­ту­циялық құқығы қорғалды. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 5861 жасөспірім бар. Олар Қарасай ауданындағы “Алтын Орда” база­рында, Қапшағай қала­сындағы жанармай құю стансаларында, Талдықорған қаласындағы көлік жуу бекет­терінде әртүрлі жұмыстар істеп, маршруттық таксилерде ба­қылаушы-кассир қызметтерін ат­қар­ған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Прокуратура органдары өз қыз­метінде мемлекет мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөледі. Қадағалау бой­ынша бюджеттік, банктік, ке­дендік, заңдылықтарды қолдану­да, салық және тағы басқа да бюд­жет­тік міндетті төлемдер, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақ­та­луына, бюджеттен тұрақты түрде ақ­ша қаражаты бөлінетін бағдарла­малардың мақсатты орындалуына баса назар аударылып, үнемі тексе­ріліп отырады. Ағымдағы жылдың алты айында прокуратура орган­дары мемлекет пайдасына 404 248 504 теңге өндірді. Елбасы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдары сыбайлас жемқорлықпен кү­рес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іс жүзіне асыру үшін прокуратура органда­ры­ның нақты әрекеттері белгіленген. Сондық­тан еліміздегі жоспарлы ша­раларға сәйкес, прокуратура ор­гандары тарапынан нақты жұ­мыс­тар атқарылуда. Сыбайласқан жем­қор­­лықпен күрес мәселесіне баса назар аударылады. Өркениетке ұмтылған қоғам үшін сыбайласқан жемқорлықпен күресу өзекті мәселе болып саналатыны белгілі. Бұл еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымының бірі болып бекер танылған жоқ. Елбасының “Қазақстан Республика­сында құқық қорғау әрекеттерін одан әрі жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы” атты Жарлығы соның жарқын дәлелі бола алады. Бұл құжат сыбайлас жемқорлықпен күресті анықтап қана қоймай, азаматтардың конституциялық құ­қықтарын қорғаудағы мемлекеттік әрекеттің тиімді бағытын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттік орган­дар басшыларына қызмет бары­сында сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі міндеттерді жүктейді. Міне, осындай мол мүмкі­н­дік­тер жолын ашып, халықтың ба­қуат­ты өмір сүруіне кепіл болып отыр­ған Ата Заңымызды, соның негі­зінде жасалып, күшіне енген өзге заңна­маларымызға бағыну міндет. Заңды білу, сыйлау, құрметтеу секілді құндылықтардан тұратын құқықтық мәдениетімізді дамыту азаматтық парыз. Конституциямыздың идеяла­рын, қағи­­­дат­тарын және норма­л­а­рын саяси, құқық­тық жағынан талдау еліміздің эконо­микалық-әлеуметтік, рухани тұрғыда өсуіне серпіліс пен қуат беретіні сөзсіз. Ата Заң адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материал­дық әл-ауқатты жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекітудің, құқық тәртібі мен заң­дылықты орнықтырудың міндетті түрде орындалуға тиісті шарты болып табылады. Ерлік КЕНЕНБАЕВ, Алматы облысының прокуроры.