20 Қазан, 2010

Кездесуде ЕҚЫҰ аясындағы іс-шаралар сөз болды

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті. Кездесуде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар Санкт-Петербург қаласында 28 қазанда өтетін “ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар” деген тақырыптағы халықаралық парламенттік конференция жөнінде, жуырда Италияның Палермо қаласында өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясының жұмысы жайлы әңгіме өрбіді. Осы шараларға парламенттік делегацияның қатысуы туралы мәселе қозғалды. Дипломат пен депутаттың сұхбаты барысында 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше 56 елдің мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне аса көңіл бөлінді. Елші өз сөзінде Ресейдің Астана Саммитін бірден қолдағанын мәлім етті. “Егемен-ақпарат”.