30 Қазан, 2010

Еліміздің өркендеп, тұрақты дамуы

654 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Елбасының есімімен тікелей байланыс­ты. Зерттеу қорытындысы солай деп тұжырым жасайды Алматыда ҚР Президентінің жа­нын­дағы Стратегиялық зерттеу­лер институтында (ҚСЗИ) “Қазақ­стан Республикасындағы азаматтық қоға­мның ахуалы мен келешегі” ат­ты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына жетекші мем­ле­кет­тік және тәуелсіз талдау құры­лым­дарының, сондай-ақ, жоо-лар­дың сарапшылары мен “үшінші сек­тор” өкілдері қатысып, ар­найы өткі­зілген әлеуметтік зерттеудің нә­тижелерін талқылады. Оқырмандардың есіне сала ке­тейік, ҚСЗИ ағымдағы жылы төрт әлеуметтік зерттеуді жүргізуді жос­­пар­лаған болатын. Олар – “ұлт­ара­лық, дінаралық қарым-қаты­нас”; “әлеумет­тік қарама-қай­шы­­лық­тың деңгейі: мүм­кін бо­ла­тын қауіп-қа­тер­лер”; “аза­мат­тық қо­ғам­ның ахуа­лы мен келешегі” жә­не “қазақ­стан­­дық­т­ар­дың бүгінгі әлеу­­меттік көңіл-күйі”. Атал­мыш дөңгелек үс­телде үшін­ші жоба бо­йынша әлеу­мет­тану­лық өлшем­дер­дің қазақ­стан­дық­тар­дың азаматтық бел­сенділік деңгейі, азаматтық са­на­ның даму ерекше­лік­тері, үкі­мет­тік емес ұйымдарға се­нім, олардың Қазақ­стандағы қоғам­дық үде­ріс­тер­ге қатысуы мен ықпал етуіне беріл­ген бағалар көрсеткіш­тері ұсы­ныл­ды. Пікіртерім 2010 жылдың 15 та­мы­­­зынан 30 тамызына дейінгі ара­лық­та өтіп, жасы 18-ден асқан рес­пон­денттер арасында жүргізілген. Халық­пен қатар, сарапшылар да сұрас­тырылған. Пікір­терім нәти­же­сі бір жа­ғынан халықтың патерна­лис­тік көңіл-күй деңгейінің жо­ғары емес­тігін көрсетті. Ондағы мә­лі­мет­тер бойынша, адамдар қиын жағ­дай­да бірінші кезекте өздеріне – 79, ту­­ыстарына – 76, достарына және та­ныс­­­­тарына 48 пайыз сенеді екен. Мем­лекеттен (атқарушы би­лік ор­ган­­­дары, саяси партиялар, де­пу­тат­тар) көмек күту деңгейі ай­тар­лық­тай төмен. Ол 1,1-6,4 пайыз аралығында. Екіншіден, респонденттердің же­ке жауапкершілік сезімдеріне бай­ла­ныс­ты көзқарасы да қызықты бо­лып шыққан. Олардың негізгі бө­лі­гі “жақын маңдағы” – жұмыс­та­ғы, өз ауласындағы және т.б. бо­лып жатқан оқиғаларға жауап­кер­ші­лікті сезінеді. Бұл ретте респон­дент­­тердің жарты­сы­нан көбі ел үшін жауап­кер­ші­лікті сезін­бей­тін­ді­гі немесе аз ғана мөл­шер­де се­зі­не­тіндігі, сондай-ақ, өз қа­ла­сы, ауы­лын­дағы жағдайға жа­уап­­кер­ші­лік көрсеткіштері де жоғары емес­ті­гі көп нәрсені аң­ғар­тып отыр. Әсі­ресе, сұрас­ты­рыл­ғандардың 59 па­йызы өздері Қазақ­станды гүл­ден­ген мемлекет жасай алатынына, 49,7 пайызы билік жа­сай­тынына сенім­ді. Ал 75,1 пайызы бұл тек Пре­зиденттің қо­лын­да деп есеп­те­ген. Мұнда іс басындағы Ел­басын қол­­даушылар санының басым екен­­дігі дәлелденіп отыр. Яғни, аза­­маттар Елбасының атын елі­міз­дің тұрақты, ілгері да­муы­мен бай­ла­ныстырады. Қоғамның өзін ұйымдастыруға дайындығының едәуір жоғарылы­ғын респонденттердің 73,6 пайызы өз мә­­се­лелерін шешуде басқа да аза­мат­тармен бірігуге әзір екендігі ар­қылы көр­сеткен. Соңғы жылдар­дың қиын кезең­дерінде ұжымдық идео­ло­гия­ның күй­реуі, индиви­дуа­лис­тік құн­ды­лық­тардың қоғамдық са­наға кірі­гуіне қара­мастан, адам­дар, жалпы алғанда, ақ­пейілділігін сақтап қалған. Олай дейтініміз, пікір­терім мәліметі бойын­ша, рес­пон­денттердің едәуір бөлігі, асы­­лын­да, өздерінің бөтен адамдарға кө­­мек көрсетуге дайын­дығын біл­дірген. Сондай-ақ зерттеу қорытынды­сы ең маңызды азаматтық акциялар ішінде сайлауға қатысуда халықтың саяси белсенділік деңгейінің жоға­рылағанын алға тартады. Келесі сайлауларға дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 70-85 пайызға дейін қатысатындығы болжанған. Рес­понденттердің 6,7 пайызы ғана өз­дерінің азаматтық құқықтарын қорғауға бағытталған акцияларға қа­тысуды маңызды деп есептесе, 43,4 пайызы наразылық акция­ла­рына қатысуды мүмкін деп са­най­ды. Яғ­ни, әлеуметтік шиеленіс ла­тентті си­патқа ие болып отыр. Қоғамдық акция­ларға қатысуға итер­мелейтін себептер арасында сұ­ралғандардың 57,5 пайызы “тәртіп ор­натуға”, 42,5 па­йызы “жауап­кер­ші­­лікке” және 42,0 пайызы “жақ­сы­лық жасауға” ниетті екендігі назар аудартады. Бір көңіл аударарлық жәйт, аза­мат­тық қоғам субъектілерінің ық­пал­­­дылық рейтингісінің нәтижесі. Он­­да бірінші орында БАҚ, сонан ке­йін құқық қорғау, үкіметтік емес ұйым­­дар, саяси партиялар, жас­тар­дың қоз­ға­лыстары мен ұйымдары, кә­сіподақтар, қайырымдылық қорлары тұр. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.