30 Қазан, 2010

Керек те қажет кітап

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында облыстық “Халықтар достығы” үйінде “Нұрсұлтан Назар­баев: гуманизм және саяси ерік-жігер” атты кітаптың тұсау­кесер рәсімі болып өтті. Бұл ұжымдық кітаптың авторлары – Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов пен про­фессор Гурий Хан және профес­сор Ирина Хан. Құнды шығарма Қазақстан­ның лаңкестікпен күресудегі ха­лықара­лық ынтымақтастығы, дағ­­да­рыстан қалай шығуы, елі­міздегі индустрия­лық-иннова­ция­лық даму бағдарла­масы жай­лы сыр шертеді. Шығыс Қазақстан облысы Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы хат­шы­лығының меңгерушісі Еркін­бек Аязбаев авторлардың Ел­басы тұл­ға­сын жан-жақты ашып көр­сет­кені турасында айт­са, Гурий Хан жаңа шығарманың жастарға үлгі-өнеге болатын жақтарын ашып көрсетті. Оңдасын ЕЛУБАЙ. ӨСКЕМЕН.