30 Қазан, 2010

Имандылық марапаты

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазірде Семей өңірінде екі жүзден астам мешіт жұмыс істеп тұр. Тек Семей қаласында оннан астам мешіт бар. Соның бірқатары “Мәдени мұра” бағдарламасы ая­сында күрделі жөндеуден өткізілді. Абай, Шәкәрім сынды ұлылардың табанының ізі қалған, Алаш арыс­тарының бірі Ахмет Байтұрсынов­тың болашақ жары, айнымас серігі Бәдрисафамен некесі қиылған мешіттердің қалпына келтірілуі, айтары жоқ елеулі оқиғаға айналды. Осындай игі істерге Қазақстан мұсылмандары діни басқарма­сының Семей өңірі бойынша өкіл имамы, осындағы Әнет баба атын­дағы қос мұнаралы мешітінің бас имамы Тыныштықбай қажы Яхия­ұлы мұрындық болып келеді. Ол соны­мен бірге Семей мешіт­терінің тари­хы туралы кітап та шығарып үлгерді. Тыныштықбай қажы, сондай-ақ осы өңірдегі рухани мәселе­лерден ешқашан сырт қалған емес. Әсіресе, ол Семей атом поли­­гоны сынақ­тарынан зардап шек­кен жандарды рухани тұрғы­дан сауықтыру мәсе­лесіне қызу атсалысуда. Сол қажырлы еңбегі­не орай бас имам Астанада әлем­дік рухани форум өтіп жатқан шақ­та халықаралық “Не­вада-Семей” қозғалысының жиырма жылдығына арналған ескерткіш медальмен марапатталды. Оны аталмыш қозғалыстың вице-пре­зиденті Сұлтан Картоев осын­дағы зиялы қауым өкілдері алдында салтанатты жағдайда табыстады. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.