Өңір экономикасының қалыпты дамуы мен инвесторларға жасалған жағдайдың тұрақтылығы ірі компания өкілдерінің қызығушылығын туғызуда. Солардың қатарындағы корейлік “Baе, Seok-Joong” мемлекеттік компания өкілдері облыс әкімі Серік Үмбетовпен кездесіп, ірі жобаларды бірлесіп атқаруға әзірліктерін жеткізді.
Корейлік компания көпір, су құрылғылары мен құрылыс материалдарын экспорттаумен қатар, жұмыс сапасына кепілдік берумен, саладағы ірілі-ұсақты кемшіліктерді анықтап, зерттеумен, қорытынды жасауды да қоса атқаруымен де ерекшеленетінін айтқан жөн. Мәселен, өңірдегі су тоспалары мен көпірлердің, тағы басқа адам өміріне қауіп төндіретін орындардың бүгінгі жайын бірлесіп көріп, тексеруге әзірліктерін жеткізді.
“Жылу электр стансасын” салудағы тәжірибесі жеткілікті “ND KOSEP” компаниясы да сұлу табиғатты, жеті өзені сылдырай аққан өңірде жұмыс жасауға, инвестиция салуға дайын екендіктерін ортаға мәлімдеді.
“HYUNDAІ” компаниясының өкілдері ірі жобалардың қолға алынуына мүмкіндіктері мол екендігін айтты. Бұл жұмыстар жақында болатын облыс басшысының Сеулге сапарында шешімін тауып, екі жақтың қол қою рәсімімен тиянақталатын болды.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.