10 Қараша, 2010

Балуан атаның бас сарайы

587 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатын өткізу кездейсоқ таңдалған жоқ. Сарайдың 40 жылдық тарихы бар:ол 1967 жылы салынып, Қазанның 50 жылдығы атындағы Спорт және мәдениет сарайы деп аталды. 90-шы жылдардың басында осы спорт нысаны қазақтың танымал халық композиторы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы деп өзгертілді. Қазір бұл нысан Азиадаға дайын. Онда жарыстан басқа 2011 жылғы 6 ақпанда Азиа­даның жабылу салтанаты өтеді. Бұл іс-шара болып өткен жарыстардың қорытындысы шығарылатын ойындардың есте қаларлық сәттерінің біріне айналары сөзсіз. Спорт және мәдениет сарайы Азия Олим­пия­лық кеңесінің келесі VІІ қысқы Азия ойын­дарын ұйымдастырушы елге туды ресми тап­сыру орны ретінде Азия спорттық қозға­лы­сының тарихына енгізіледі. Бұл іс-шара үлкен ақпараттық қолдауға ие болары анық:жабылу салтанаты Қазақстанда және шетелде дәл сол уақытта таратылады. Іс-шараның барысы ту­ралы халыққа жеткізу үшін 1000-нан астам отандық және шетелдік журналистер қатыспақ. Мұндай көріністі әлемнің барлық көрер­мен­дері VІ Қысқы Азия ойындарының жабылу сал­танаты өтіп жатқан кезде Қытайдың Чань­чун қаласындағы “Chuangchun Wuhuan” ста­дионында Қазақстанға келесі “Ақ Азиаданы” өткізу құқығы ресми тапсырылып жатқанда тамашалаған болатын. Енді, міне, Азия ойындарын ұйымдастырушылардың алдына өте маңызды салтанатты іс-шараны өткізуге Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайын дайындау міндеті қойылған. Азиадаға дайындалу барысында халық­аралық стандарттарға сәйкес Спорт сарайын қайта жаңарту туралы шешім қабылданды. Енді, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Сарайдың жалпы сыйымдылығы 5 000 адамды құрайды. Қосымша 1 000 кресло орналастырылып, инженерлік-техникалық ком­му­никация ауыстырылды, киім ауыстыратын орын, медициналық-қалпына келтіру кешені, де­м­алыс бөлмелері, баспасөз орталығы, ком­мен­таторларға арналған бөлмелер сияқты қо­сал­қы орын-жайлардың ауданы ұлғайтылды. Сон­дай-ақ, ең соңғы модификациядағы элек­трон­дық табло орнатылатын болады. Азиаданы өткізудің арқасында Алматы қаласына хок­кейге, шорт-трекке және мәнерлеп сырғанауға арналған спорттық база салынды. 2011 жылғы Азия ойындарын өткізу ая­сын­да Спорт сарайында әйелдер арасында шай­ба­лы хоккейден жарыстар ұйымдастырылады. Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2003 жылы Жапонияның Аомори қаласында және 2007 жылы Қытайдың Чаньчун қаласында өткен қысқы Азия ойындарының жеңімпазы болғанын атап өткен жөн. Қазақстан жан­күйер­лерінің қолдауының арқасында еліміздің қыздар командасы Қысқы Азиаданың үшінші мәрте жеңімпазы болуы, бірегей мүмкіндігіне ие болары сөзсіз. Жалпы алғанда, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы тек ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге мүм­кіндік қана беріп қоймайды, сондай-ақ Ал­маты қаласының тұрғындары мен қонақ­та­рына спортпен және дене тәрбиесімен айна­лысуға, бос уақыттарын алаңда өткізуіне және басқа да мүмкіндіктер ашады. Әзірлеген Дастан КЕНЖАЛИН.