«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде»,
Деп жылар қалың қазақ мен өлгенде.
Сексен мен жүздігімді ұрпақ атар,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде, –
деп елуге де келмей тұрғанда әулиелікпен жазып кеткен Бауыржан Момышұлы кеше, жұма күні 100-ге толды. Батырдың мерейтойы жыл бойы тойланды, жыл бойы есімі елдің аузынан түскен жоқ. Көзі тірісінде-ақ туған халқының сүйіспеншілігіне бөленген батырдың туған күні еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралармен аталып жатты. Соның бірі Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қолға алуымен Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» атты кітабы қайта жарық көрді.
«Ұлылардың туған күндері бар, бірақ өлген күндері жоқ» дегенді Әзірбайжан жазушысы Анар Рзаның аузынан естіп едік. Биыл Бауыржан бабамыздың лайықты түрде елі атап өткен ғасырлық тойы осы сөзді жиі еске түсірумен болды.
Семей өңірінен арнайы келген азаматтар Астана және Алматы зиялыларымен Орталық мемлекеттік мұражайдың Бауыржан Момышұлына арналған экспозиция залында қазақ халқының ардақты перзенті, қолбасшы, көрнекті жазушының туғанына 100 жыл толу құрметіне арнайы жаңа нұсқада шығарылған «Соғыс психологиясы» кітабының тұсаукесерін өткізді.
Бауыржан Момышұлының артында қалдырған бай мұрасын, Отанын, ұлтын сүюдегі өнегесін еліміздің болашағы – жастарға тағылым жасау мақсатында, оның 1944 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалында, сол кездегі республиканың көрнекті қайраткерлерінің, жазушыларының, ғалымдарының алдында оқыған, жұртшылыққа «Соғыс психологиясы» деген жалпы атпен белгілі дәрістерінен тұратын еңбегінің қайта басылуына Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов тікелей ықпал еткен.
Осы бір аса құнды еңбек тек таза әскери мәселелерге ғана арналмаған, одан адам бойындағы отанды сүю, табандылық, адалдық, қиыннан алып шығар тапқырлық, көкейге қонымды сөздермен жұртшылыққа әсер ете білу сияқты және т.б. адами қасиеттерді көруге болады.
Кітаптың басты ерекшелігінің бірі, оның екі тілде біртұтас кітап болып шығарылуы. Сол сияқты, бұл еңбек оқу орындарының және еліміздің негізгі кітапханаларының кітап қорларын толықтырмақ.
Тұсаукесерге еліміздің көрнекті мемлекет қайраткерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жазушылар, ғалымдар, қала жұртшылығы және жастар қатысты.
Айнаш ЕСАЛИ.
Алматы.
-----------------------------------------
Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Grand Slam: Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 10:27
Алматыда 16 шетелдік елден шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Бүгін ел аумағының басым бөлігін тұман басады
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 09:06
Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше