25 Желтоқсан, 2010

Ұлттық құндылық ретінде ұлықтала бермек

544 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің жұртшылығынан, соғыс және еңбек ардагерлерінен, еңбек ұжым­дары­нан, студенттерден, жоғары оқу орындарының ұжымдарынан, Қазақ­станның қоғамдық ұйымдарынан Астанада ЕҚЫҰ Саммитін табыс­ты өткізуге байланысты құттықтаулар келуін жалғастыруда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. ЕҚЫҰ-ның жаңа міндеттері мен қағидаттарын айқындаған та­­рихи құжат – Астана Дек­лара­циясының қабылдануы Елбасы­ның дана басшылығы мен сын­дар­лы сая­сатының нәтижесінде жүзе­ге асқа­нын қазақстандықтар терең толға­ныспен жазады. Мұн­дай маз­мұн­дағы хаттар Қызыл­орда облы­сы, Арал ауданының тұр­ғыны М.Сая­ғұлова, Оңтүстік Қазақ­стан облысы, Шардара ауда­ны­ның тұр­ғындары Т.Ағманов, Б.Бегман, Ы.Са­­хов, т.б., ОҚО, Ордабасы ауданының тұр­ғын­дары Т.Әбдірайымов, Н.Бегалыұлы, Ә.Бейсембаев, т.б., Қостанай облы­сы­ның тұрғындары Ж.Кәкенов, П.Сүйінкинадан келді. Қызылорда облысының тұр­ғыны Т.Қоянбаева былайша тебіренеді: «Тәуелсіздік алғанына алда 20 жыл толатын мемлекетіміз үшін маңызы ерекше жиын күллі қазақ­стан­дықтардың мерейін өсір­­ді. С­о­ның ішінде Президентіміз Н.Ә.На­зарбаев үнемі ба­қылауында ұстай­тын Арал мәсе­лесіне БҰҰ Бас хат­шысы Пан Ги Мунның, ха­лық­аралық қо­ғамдас­тықтың наза­рын ауда­руы Алаш­тың Аралының халқы үшін үлкен бақыт». Ал Маңғыстау облысының тұр­­ғыны Ғ.Сембаев Елбасына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеген хатын: «Өсер ұрпақтың өне­гесі үшін өзінің өрнегімен ерекшеленетін бұл Саммиттің нәти­жесі ұлт­тық құндылық ретінде ұлықтала беретін болады», деп түйіндейді. Өз хатында «ҚазИнжЭлектро­никс» АҚ-тың еңбек ұжымы Мем­лекет басшысын Астанада ЕҚЫҰ Саммитін табысты ұйымдасты­ру­ға және өткізуге байланысты құт­тық­тапты. Бұл күндері барша қа­зақ­стандықтар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына әлемнің аса ірі ел­дерінің лидерлері қалай жоғары ба­ға бергенінің куәгерлеріне айналды. «Сіздің күш-жігеріңіздің ар­қа­сында, құрметті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы біздің еліміз осы жылы ЕҚЫҰ төрағасының міндеттерін табысты атқарды. Қазақстан жан-жақты дамып, өзінің халықара­лық беделін нығайта түсуде және болашаққа нық сеніммен қарай­ды», – делінген хатта. Алматы құрылысшылар кә­сіп­одағы атқару комитетінің бас­шы­лығы Алматы қаласы мен Ал­маты облысы құрылысшы­лары­ның аты­нан өз хаттарында Мемлекет бас­шысын ЕҚЫҰ Саммитін табысты өткізуімен шын жүректен құт­тықтаған. «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лығы, Астана декларациясы әлем­дік саясат оқулықтарына енеді – бұл Сіздің Мемлекет басшысы ретіндегі қызметіңіздің жарқын дә­лелі, Отанымыздың игілігі жо­лын­дағы, елдегі табысты әлеумет­тік-экономикалық даму, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің игілігі жолындағы Сіздің жан­қиярлық еңбегіңіздің нәтижесі», – деп атап көрсетілген хатта. Мемлекет басшысының аты­на Қостанай облысының жұрт­шы­лығынан шынайы құттықтау­лар мен ізгі тілектер көрсетілген көптеген жолдаулар келіп түсуде. Рудный қаласының құрметті аза­маты Петр Васильевич Казан­цев­т­ің хатында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, Астанада Саммиттің өткізілуі – Мемлекет басшысының атымен ажырағы­сыз байланысты даңқ пен құрмет, жеңіс екендігі атап өтілген. – Мен Сізге дана саясатыңыз үшін, мемлекетіміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін алғыс ай­тамын. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз жұмыс істеп, оқуда, олардан біз өз болашағы­мызды көреміз. Ардагерлер үшін жасалып жатқанның бәрі үшін Сізге рахмет. Мен өз Президентімді және Қазақстан Республи­касын мақтан етемін!» – деп атап өтілген П.В.Казанцевтің хатында. Бұл пікірді Жітіқара ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Щедухина, Денисов ауданы со­ғыс және еңбек ардагерлері кеңе­сі­нің төрағасы Т.Сырымов та бөліседі. «Біз Сізбен қуанышымызды – соңғы жылдардағы біздің арма­ны­мыздың орындалуымен бөліс­кі­міз келеді – Тәуелсіздік күні қар­са­ңын­да біздің аудан орта­лы­ғында газ құбырының алғашқы алауы жағыл­ды. Бұл Сіздің көре­ген де дәйекті әлеуметтік саяса­ты­ңыздың нәтиже­сі», – делінген Т.Сырымовтың хатында. Мемлекет басшысына өзінің шы­­найы тілектестігін білдіргендер қа­тарында Рудный қаласы­ның құр­метті азаматы Д.Сүме­кова, Денисовка ауылындағы №2 Денисов орта мектебінің дирек­торы Г.Моргуль, Рудный қаласы­ның тұрғыны Ю.Гор­бунова, Қос­танайдағы З.Алдамжар атындағы әлеуметтік-тех­ни­калық уни­­вер­си­тет­тің экономи­ка және құқық ҒЗИ-інің дирек­торы, профессор С.Жалыбин, Руд­ный қаласының тұр­ғыны А.Витренко, Қостанай облысы, Денисов аудандық мәсли­хатының де­путаты Б.Тойбағаров бар. Мемлекет басшысын барша қазақстандықтардың мақтаны­шы­­на айналған Саммитті табыс­ты өткізуімен және Астана дек­ларациясының қабылдануымен Қостанай облысындағы жастар өкілдері мен жастар ұйымдары­ның жетекшілері құттықтапты. «Біз үшін – Тәуелсіз Қазақ­стан­ның құрдастары үшін Сам­миттің зор маңызы бар. Егер біз­дің жас мемлекетіміз өз тәуелсіз­дігінің осын­дайлық қысқа кезе­ңінде бүкіл әлем­нің тануына қол жеткізсе, онда әрбір жас қазақ­стандық зор биіктерге қол жеткізуге қабілетті. Біздің ұрпақтың міндеті – Сіздің дана басшы­лы­ғыңыз­бен, Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақ­станда бұған дейін жасал­ған­ның және қазір жасалып жат­қанның бәрін сақтап, молықтыра түсу», – деп атап көрсетілген Руд­ныйдың Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гумани­тарлық колледжінің студенті М.Ысқақовтың хатында. Рудный қаласындағы «Неономад» жастар қоғамдық бірлесті­гі­нің төрағасы М.Фролов өз ха­тын­да Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті Ұйымның ғана емес, соны­мен бірге Қазақстанның да да­муын­дағы жаңа дәуір болғанын атап өткен. Хатта сондай-ақ  Рудный жас­тары­ның Қа­­зақ­стан Президентінің бас­та­масы арқа­сында елімізде жүріп жатқан өзгерістер мен ілгерілеулерге шы­найы қолдауы білдірілген. «Рудный перзентханасы» кә­сіп­орнының ұжымы өз хат­тарын­да Ас­танадағы ЕҚЫҰ Саммиті өтіп ба­ра жатқан 10 жылдың аса ірі ха­лық­аралық оқиғасы болға­ны және ол Тәуел­сіз Қазақстан шежіресіне жар­қын бет болып енетіні атап өтілген. Қарабатыр ауылының тұр­ғын­дары, «Қарабатыр» агрофир­ма­сының еңбеккерлері және «Жі­ті­қаракоммунэнерго» ҚҚК ұжы­мы өз хаттарында Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың жоғары беделі арқасында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астанада Ұйымның Саммитін өткізу мүмкін болғаны атап көрсетілген. Павлодар мемлекеттік уни­вер­си­тетінің профессор-оқыту­шы құ­ра­мы мен студенттері жол­даған хат­та ЕҚЫҰ Саммиті қа­зақ­стан­дық тарих үшін теңдессіз оқиға болғанын атап көрсетіп, ол Қазақ­станды дамудың сапалық жаңа деңгейіне шығарғаны айтылған. «Нұр Отан» ХДП-ның Шым­кент қалалық филиалы мен Арал аудан­дық «Жас Отан» жастар қа­на­ты же­тек­шілерінің хатында Қа­зақ­­­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төраға­лығы­ның өзі және, әсіресе, Италия Премьер-министрі С.Берлускони «бейбітшілік және тө­зім­ді­лік қаласы» деп атаған Қазақ­стан елордасын­дағы Сам­миттің та­быс­ты өткізілуі зор рухани өрлеу туғызып, қазақ­стан­дық­тардың пат­риоттық сезімін және еліміз үшін, саяси ерік-жігері жас рес­публика дип­ло­ма­тия­сының сал­та­на­тына, Қазақ­стан мем­лекеттілі­гі­нің шынайы сал­та­на­тына жеткізген Президентіміз үшін мақтаныш сезімін туындатты. Шымкент қаласының тұрғы­ны В.Андрюков өз хатында Мемлекет басшысын егемен Қазақ­стан дамуының тағы бір атақты кезеңінің аяқталуымен – ЕҚЫҰ Саммитінің өтуімен шын жүрек­тен құттықтаған. «Қазақстан халқы бүкіл әлем­ге Ұлт көшбасшысы – бұл мем­ле­кет­тің қуаты екенін дәлелдеді. Құр­мет­ті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз­дің Тәуел­сіз Қазақстанның мүд­­десі тұр­ғы­сы­нан бір шаңыра­қтың асты­на әлем­нің көп­теген елдерінің бас­шы­ларын жина­ған және оларды жан-жақты үнқа­т­ысуға тартқан жеке өзіңіздің ерлі­гіңізді мақтан етемін. Сіз – Ұлт­тың көшбасшысы ғана емессіз, Сіз – Халық батыры­сыз!» – деп жазады В.Андрюков.