Әлем • 12 Қаңтар, 2021
Коронавирустың жаңа мутациясы әлемнің бірнеше еліне таралды
Бір күн бұрын ресейлік әйелден коронавирустың ерекше 18 мутациясы анықталғанын жазғанбыз. Ресейлік вирусологтың айтуынша, оның антигенінде принципиалды маңызды өзгерістер болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы РИА басылымы ақпарат таратты.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2021
Күршімдегі жабық жүзу бассейні аудан тұрғындарын қуанышқа бөледі
Бірер күн бұрын бізбен Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов хабарласты. – Аудан тұрғындары үлкен қуанышқа бөленіп жатыр. Жақында ғана, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан орталығы Күршім ауылында жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталып, барлық санитарлық талапты сақтай отырып ашылу салтанатын өткіздік, – деді аудан әкімі Дулат Зайсанбекұлы.
Білім • 12 Қаңтар, 2021
STEM – білім берудегі тың бағыт, жаңа тренд
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты элементі екеніне маңыз берді. Бұл – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы, табысты болудың басты кілті. Соның ішінде білім беру, экономика, халыққа қызмет көрсету салаларын цифрландыруға қарқын беру түбегейлі өзгерістерге серпін бермек.
Экономика • 12 Қаңтар, 2021
Қазақстан экономикасының өсімін оң бағалады
Global Economic Prospects-тің 2021 жылғы 5 қаңтардағы жаңартылған есебінде Дүниежүзілік банк 2020 жылы әлемдік экономика серпінін бағалауды арттыру жағын қайта қарады.
Таным • 12 Қаңтар, 2021
Күйші Дәулеткерей туралы жаңа деректер
Дәулеткерей – Бөкей ханның інісі Шығай сұлтанның кенже ұлы. 1815 жылы Бөкей хан дүние салған кезде тақ мұрагері Жәңгір жас қалады. Сондықтан Ішкі Қазақ ордасын басқаруға Шығай сұлтан тағайындалған. 1823 жылы Жәңгір хан сайланып, 1824 жылы Шығай сұлтан биліктен босатылады. 1820 жылдары Теңіз жағалауында (Орынбор губернаторы салуға рұқсат бермесе де) өзі салдырған ағаш үйіне көшкенімен, рахат өмір сүру бұйырмаған екен. 1925 жылдың көктемінде Орынбор генерал губернаторы Эссен графиня Безбородконың жеріне салынған деп, Жәңгірге Шығайды көшір деген бұйрық береді. Сол кездері қызылқұрт руының басшылығына тағайындалған Шығайдың ұлы Өтебәлі әкесінің қарттығы мен денсаулығын себеп қылып кешіктірсе де, күздің қара суық күнінде амалсыздан киіз үйге көшеді. Оның үстіне қалың жұтта малы қырылған бұл отбасына мына жағдай тіптен ауыр тиіп, Шығай сұлтан сол жылдың 14 қарашасында дүниеден өтеді.
Саясат • 12 Қаңтар, 2021
Әділеттілік – тәуелсіздіктің темірқазығы
2021 жыл біз үшін ерекше. Осы жылы біз ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған, қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам бастық. Осы қасиетті жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін ой елегінен өткізіп, бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған, әрбір қазақстандықтың көкейіндегі өзекті мәселелерді дөп басып, оны толық, жан-жақты түсіндіріп, алда тұрған мақсаттарды анықтап, шешу жолдарын көрсетіп берді.
Саясат • 12 Қаңтар, 2021
Ұстамды болғаннан ұтылған жеріміз жоқ
Тәуелсіздік – әр ұлттың арманы, бірақ барлық ұлттың бұл арманға қолы жете бермейді. Еркіндікке, дербестікке ие болған бақытты ұлттың бірі – біз, қазақтармыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында үміт пен күдікке толы отыз жылдық тарихымызды саралай келіп, «Өткенге тағы бір мәрте оралып, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін мезет» дейді.
Сайлау • 12 Қаңтар, 2021
Мәжіліске өткен партиялар белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жариялады.
Руханият • 12 Қаңтар, 2021
Қазақ хандығының қазығы қағылып, туы көтерілген киелі Шу өңірі – сонау әлімсақтан даңқы жер жарған қаған Шу батыр, ғұлама ғалым Жүсіп Баласағұни, халқымыздың төбе биі Төледей нар тұлғалы бабалардың атамекені. Сондай-ақ сөз зергері Бөлтірік шешен, Сауытбек, Қуандық, қыл қобызды Бармақ, Жақсыбай, Қылышбай, Жидебай, т.б. ақындарымыздың кіндік қаны тамған отаны.
Таным • 11 Қаңтар, 2021
Солтүстік Қазақстан – қазақтың ежелгі атақонысы
Бүгінгі дамыған өркениетті қоғамда өмір сүріп жатқанымыз бізді бақытты жандардың санатына қосады. Дегенмен, адамзат қоғамы дамыған сайын мемлекеттер арасындағы түсініспеушілік, бәсекелестік, бір ымыраға келе алмаушылық, территориялық талас, гегемондыққа ұмтылу сияқты факторлар этносаралық, конфессияаралық араздық тудырып, негізсіз қақтығыстарға, тіпті соғыс қаупіне де әкеліп жатқаны белгілі.