Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Әлем • 11 Қаңтар, 2021

Қырғыз Республикасы: Көпшілік Садыр Жапаровты таңдады

Кеше, яғни 10 қаңтарда кешкі сағат 20:00-де Қырғызстанда кезектен тыс Президенттік сайлау мен бүкіл­халықтық референдумның нәти­жесі жарияланды. Қырғыз Респуб­ликасының Орталық сайлау комис­сиясының (ОСК) мәліметі бо­йынша сайлау учаскелерінде дауыс беру үшін 3 563 574 азамат тіркелген. Сайлаушылар екі бюллетень арқылы өз қалауларын білдірді. Біреуінде 17 кандидаттың ішінен елдің болашақ Президентін таңдау, екіншісінде сайлаудан кейінгі уақыттағы басқарудың пре­зи­денттік не парламенттік жүйесін таң­дау мәселелері қойылған.

Сайлау • 11 Қаңтар, 2021

Қариялар да қалыс қалмады

Маңғыстау ауданында тұратын, бірі 104 және 100 жастағы тыл ардагерлері саяси нау­қаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады.

Оқиға • 11 Қаңтар, 2021

Нұротандықтарды құттықтады

Сағат 00:00-де exit-poll нәтижелері жарияланған соң Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды штабына барды, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Сайлау • 11 Қаңтар, 2021

Байқаушылар жоғары бағалады

Қазақстандағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысқан шетелдік тәуелсіз байқаушылар күрделі кезеңде өткен саяси доданың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткізді. Сондай-ақ олар жергілікті халықтың саяси белсенділігін де ерекше атап өтті. Еуропаның маңдайалды елдері пандемия жағдайында «сайлауды қалай өткіземіз» деп бас қатырып жатқанда, Қазақстанның батыл қадамға баруы қарт құрлыққа үлгі болғанын жеткізді. Мұны шетелден келген мәртебелі меймандар да мойындады. Ендеше, шетелдік байқаушылардың сайлау жайлы пікірлеріне назар аударалық.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Биылғы сайлаудың өзгешелігі көп

Мен бұл жолғы сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл сайлау ерекше өтті деуге болады. Себебі, жаңа партиялар мен өзгерістер жасаған партиялар да тізімге еніпті. Сайлауалды жұмыстардың өзінен көп өзгерістер байқаған болатынмын. Мәселен, сайлау алдында ашықтық, қолжетімділік билік құрумен қатар, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес барлық кездесулер агитациялық сипатта өтті. Жамбыл өңірінде партия арасындағы дау-дамай деген сияқты ешқандай жағдайлар байқалған жоқ. Бұл тұрғыда жылдан жылға азаматтардың көзқарасы өзгеріп келеді. Әсіресе, бұрын көпшілік сайлауға бара бермейтін. Ал, қазір әрбір азамат отбасымен сайлауға міндетті түрде қатысып, өз таңдауын жасап, өзгерістерге үлес қосуда.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Жаңғырудың жаңа кезеңі

Сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарынан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі хабардар болып отырдым. Бұрынғыға қарағанда партиялардың белсенділігі, ортақ мәселелерді шешу бағытындағы ізденістері ерекше екендігі байқалады. Бұл өте дұрыс, өйткені, партиялар арасында бәсекелестік күшейген сайын олар елге жақын болуға тырысады, жаңа идеялар ұсынып, оны орындауға ерекше мән береді. Жергілікті жұртпен етене араласатын мәслихат депутаттарының да партиялық тізім бойынша сайлануы олардың ел алдындағы жауапкершілігін еселеп арттыра түседі.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Жастарға жол бергені қуантады

Бұл сайлаудың қоғамның саяси өміріндегі маңызы ерекше. Осы жолғы енгізілген басты ерекшелік – "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда және "Саяси партиялар туралы" заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілгені болып отыр. Өз басым жастарға жол бергеніне қуанамын. Бұл олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Халық өміріндегі маңызды кезең

Коронавирустық пандемиядан туындаған ауыр экономикалық дағдарыс бүкіләлемдік экономикаға кері әсерін тигізді.

Руханият • 08 Қаңтар, 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясы Христос Рож­дествосымен құттықтайды

Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы православие христиандарын және барша қазақстандықтарды жарқын мереке – Христос Рож­дествосымен шын жүректен құт­тықтайды!

Пікір • 08 Қаңтар, 2021

Ұлт мүддесі – ұлы мүдде

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласынан ойға түйген нәрсе көп.