Коронавирус • 01 Маусым, 2020
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 450 адам анықталды
Қазақстандағы 2020 жылғы 31 мамырдағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен тәулікте вирус жұқтырған тағы 450 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 4,1%).
Руханият • 01 Маусым, 2020
Маңызды құжаттарға қол жеткізсек дейміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінде айтылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру мәселесі бүгінгі ұлт тарихы үшін аса маңызды. Президенттің бұл бастамасы «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты өзінің сайлауалды бағдарламасында айтылған, халыққа берген уәдесін орындау жолында тұрғандығының көрінісі ретінде бағаланады.
Пікір • 01 Маусым, 2020
Ұсыныстар жарқын болашаққа бастайды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы еліміздегі адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арналды. Шын мәнінде адам капиталы – кез келген қоғамның даму бағдарын айқындайтын басты қозғаушы күштердің бірі.
Пікір • 01 Маусым, 2020
Уақыт талабымен үндескен бастама
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында адам капиталын дамытуға арналған бірқатар маңызды мәселені қозғады. Соған байланысты нақты тапсырмалар берді. Мұндай формат елімізде қоғамдық диалогтың ұлттық моделі қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Руханият • 01 Маусым, 2020
Қазақ әдебиеттану, әдеби сын саласында өзіндік стильдік өрнек қалыптастырған ұлы тұлғалардың бірі – ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер Рымғали Нұрғали еді. Тұңғыш кітабы «Трагедия табиғатынан» көзі тірісінде соңғы шыққан кітабы «Толғауы тоқсан қызыл тілге» дейін жарияланған сын, зерттеу, монографиялардан тұратын мол мұрасының қай-қайсысын оқысаңыз да суреткерлікпен сабақтасатын, сырлы сұлу сөздермен өрнектелетін талдау үлгісіне еніп кетесіз. Әрқайсысында әдебиеттің жеке-жеке мәселелері сөз болатын жоғарыда аталған екі кітапқа қоса «Талант тағдыры», «Күретамыр», «Өнер алды – қызыл тіл», «Өнердің эстетикалық нысанасы», «Поэтика драмы», «Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы», «Арқау», «Әуезов және алаш», т.б. еңбектерінде әмбебап дарынның көп қырлы, сан салалы шығармашылық бітімі айқын көрінеді. Талдау өнерін шығармашылық қиялмен тоғыстыра алу талантымен бірге үздіксіз іздену, өнердің, әдебиеттің күнделікті даму процесіне жіті ой, биік талап тұрғысынан қарап араласып отыру, қаламгерлік қайрат таныту Рымғали Нұрғали өнерпаздығының өнегелік сипаты десек артық айтқандық емес.
Технология • 01 Маусым, 2020
Шалғай ауылда интернетсіз Wi-Fi желісі бар
Оқу жүйесі онлайн режімге көшірілген кезеңде әр шаңыраққа ғаламтор желісі тұрмақ, ұялы телефон байланысы жетіп үлгермеген шалғайдағы елді мекендер үшін алаңдаған едік. Алайда «қалауын тапсаң қар жанар» демекші, ебін тауып, шәкіртті білімсіз, ұстазды жұмыссыз қалдырмай келе жатқан мектеп басшылары да бар екен.
Әдебиет • 01 Маусым, 2020
Ғапыл Өтті, - деді өмірден, сол адамды.. сыры қалды, бөз қалды, сарай қалды, сарай іші ақ түтек борай қалды, мен ойландым:
Руханият • 01 Маусым, 2020
Мен асыл анамды жиі есіме аламын. Анамның жылы жүзі, мейірімді бейнесі жүрегімде жатталып қалғаны соншалық, әр кез есіме түскен сайын көз алдыма қиын кезеңдерді басынан кешкен, көз жанарында қайғы мен үрейдің іздері қалған қайратты және қайсар анамның бейнесі тұра қалады. Ажарын айқыштаған терең әжімдер мен ағарған шашы көрген қасіретін дәлелдеп тұрғандай. Анамның жүрегі де тілім-тілім болған шығар, себебі өмірінің соңына дейін көрген зардабын ұмыта алмай кетті ғой.
Таным • 01 Маусым, 2020
Замана зұлматы: Ашаршылық кезеңдері бөлек қаралуы тиіс
Ел тарихында халқымыздың басына түскен аса ауыр зұлматты кезең ашаршылық және саяси қуғын-сүргін жылдарымен байланысты екені белгілі. Кеңестік құрсаудың тұмшалауымен жабулы күйінде келген осы ақтаңдақтарды ашуға егемендіктің елең-алаңы мен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында нақты қадам жасалды. Арнайы комиссия жұмыс істеп, 1993 жылы жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданса, 1997 жылы Елбасы жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Ал күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жариялап, арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын мәлімдеді. Осы орайда, «Egemen Qazaqstan» газеті айтулы датаның қарсаңында «Ғасыр зұлматы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын. Іс-шараның түпкі мақсатының бірі – ашаршылық құрбандары мәселесін өз алдына бөлек қарастыру қажеттігіне жұртшылықтың назарын аудару еді. Онлайн форматта өткен дөңгелек үстел жұмысына абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай, жазушы, зерттеуші Бейбіт Қойшыбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова, тарих ғылымдарының докторлары, професорлар Мәмбет Қойгелді, Талас Омарбеков, Зиябек Қабылдинов, Арайлым Мұсағалиева, Данагүл Махат, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебай, музей қызметкері Гүлнұр Төлепбергенова қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салды. Келелі жиынды «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ашып, жүргізіп отырды.
Әдебиет • 01 Маусым, 2020
Бидәулет тумысынан кедей адам еді. Бала күнімнен көз алдымда. Шошаңдаған бес ешкісін айқайлап ары қуып, бері қуып кіжінетін де жүретін. Кейін үлкендердің әңгімесінен естуімше арғы аталары да иіні жарып тон кимеген, ауы жарып ат мінбеген адамдар болған секілді. Оны бір жылы жазғытұрым жалданып Масғұттың үш жүз қойын төлдеткенде Бидәулеттің өзі де айтыпты. Жеріген қой, жағызған қозы дегендей егіздете топырлап туып жатқан қалың төлді игере алмай кеткен Бидәкең, «Осы жүнді жауды жүзге жеткізе алмай жеті атам күйіп кетіп еді, осылар қалай мың қырылтып айдап жүреді осы? Құдай-ау, мынаның малының қысыр қалған бірі жоқ па? Енді текесі лақтап, қошқары қозылайтын шығар!» деп күйінген екен дейді. Сол Бидәкең туралы әңгіме ғой бұл.