Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21645 материал табылды

Медицина • 07 Қазан, 2020

Медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Алматы филиалы хабарлады.

Пікір • 07 Қазан, 2020

Таңертеңнен тыным таппайтынбыз

Қазпошта саласында 30 жылдай еңбек етіп, зейнетке шықтым. Ол заманда жұмысты техниканың күші­мен емес, барлығын өз қолымыз­бен істейтінбіз. Әр пошта мекемесіне газет-журнал жеткізуге арнайы кө­лік­тер келетін.

Руханият • 07 Қазан, 2020

«Әкемді өмір бойы күттім...»

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс бізге оңайлықпен келе салмағаны белгілі. Соғыстың алғашқы жылдарын­да қиян-кескі сұрапыл ұрыс жүріп жатты. Мәсе­лен, 1943 жылдың қысқы кезеңінде Оңтүстік Батыс және Воронеж майдандарында жағдай бірқалыпты болған жоқ. Фашистер Харьков қаласын басып алды. Содан соң олардың соңғы үлгідегі СС танк дивизиялары Белгород тас жолына шығып алып, жанталаса алға ұмтылды. Бұл кезеңдерде екі жақтан да шығын аз болған жоқ. Сол бір қиын қыстау тар ке­зеңде Кеңес әскерлері кейін шегініп, қор­ғанысқа көшкен-ді.

Таным • 07 Қазан, 2020

Созақ көтерілісінің қасіреті

Бұл қазақтың басынан не өт­педі?!. Халқымыз талай қиян-кескі соғысты да, ашар­шы­лық­ты да көрді, нәубет жылдарды бастан өткерді. Тарихшы мамандардың айтуы бойын­ша, 1929-1931 жылдары елі­мізде кеңестік-тоталитарлық саясатқа қарсы 350-ден аса бұқаралық бас көтеру болыпты. Бұл қан жоса қылып басылған көтерілістер туралы деректер еліміз егемендік алғанға дейін аса құпия сақталды.

Саясат • 07 Қазан, 2020

Жеке инвесторлар көтерме-тарату орталығын салмақ

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабар­лағандай, 7 көтерме-тарату орталығын салу үшін жеке қаржылық бастама нысанында жеке инвесторлар консорциумынан өтінім келіп түсті.

Пікір • 07 Қазан, 2020

Кешігіп жеткен жаңалықтың маңызы жоғалады

Мен Шымкент қалалық байланыс бөлімшесінің бастығы болып табаны күректей 42 жыл қызмет атқардым. Бүгінде алпыстың бел ортасындамын.

Қоғам • 06 Қазан, 2020

DariKz дәрі іздеу мобильді қосымшасы қолжетімді

Дәрілік заттарды сараптау ұлт­тық орталығының хабарлауынша, Қазақстанда тіркелген бар­лық дәрі-дәрмек жинақталған DariKz мобильді қосымшасының жаңар­тылған нұсқасы iOS платформасында штаттық режімде жұмыс іс­тейді.

Оқиға • 06 Қазан, 2020

Пациенттерді қабылдауға дайын ба?

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен «МСАК ұйымдарының COVID-19 шалдыққан пациенттерді қабылдауға дайындығы» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Жиынға амбулаториялық-емханалық ұйымдардың басшылары мен өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.

Қоғам • 06 Қазан, 2020

Жастар ауылдық жерде жұмыс істесе...

Бүгінде ауылдық жерлерде бас қосқан жағдайда жиі еститініміз – мал бағатын, трактор айдайтын адамның аздығы. Бір жағынан жаздың ыстығы, күздің қара суығы тоқтаусыз трактор жүргізу де оңай емес. Оған қоса, ауылдағы техниканың дені ескі. Ауылдағы бұрыннан келе жатқан кәсіби механизаторлар ескі техниканы жамап-жасқаумен-ақ қартайғаны рас. Ауылдық жерде мал шаруашылығын қолға алған шаруа төрт түлігін бағатын малшы таппай бір әуреге түссе, қысқы жем-шөпті дайындау әрі тасымалдау үшін тракторшыны іздеп сабылып жүргені.

Руханият • 06 Қазан, 2020

Ұлы даланың бір құнды қазбасы

Маңғыстаулық ақын Ғ.Әріптің «Алтын Орда – Қазақ Елі» атты жазбасы – Ұлы даланың бір құнды қазбасы екені даусыз. Әуелі автор туралы айтайық. Мен Ғалымды жас кезінен, әп деп поэзияға қадам жасай бастаған кезінен білемін. Оның алғашқы қарлығаш өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде, тіпті кейде республикалық баспасөз беттерінде жылт беріп көріне бастағанда болашағынан үлкен үміт күттірген талапкер екенін сезгенмін. Оның «Қазақ тілі – қанатым», «Жер мен ел», «Рух», «Сүйінқара серті», «Қазақ болу», «Қазақ қан­дай халық?», «Перзенттік парыз», «Адамзатты ізгілендіру», «Түбі бір түркі жұрты», «Ұлы дала ұлағаты», «Қазақ – менің ұраным!»,«Лондон лирикалары», «Би­бігүл», «Жаһандану жайлы жыр», «Цунами немесе адамзатқа ескерту», «Ақын арманы(азабы)», «Ақырзаман», т.б. толып жатқан толғау, поэма, дас­тан, бал­ладалары, прозалық, драмалық, публицистикалық шығармаларымен зерделі суреткер, ұлт қамын жеген озық ойлы азамат ретінде танылды.