Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы мәртебесіне ие болды. Елбасының еліміздің жаңа тарихындағы үлкен рөлі, көшбасшылығы, айрықша қасиеттері, сарабдал саясаты туралы, Отанына және халқына сіңірген өлшеусіз еңбегі туралы көп айтуға болады. Алайда, осы тарихи шежіредегі бірнеше айтулы күндер – 1989 жылдың 22 маусымы, 1991 жылдың 1 желтоқсаны және 2019 жылдың 19 наурызы әрқашан ерекше аталады.
Ең қысқа әңгіме • 01 Желтоқсан, 2020
Елбасымен кездесу талай адамның (үлкеннің де, кішінің де) өмірінде айрықша елеулі із қалдырғаны анық. Сондай бір жай тоқсаныншы жылдардың басында меркілік Луиза Ерсінқызы Мірәлиеваның да басынан өткен еді.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Нұрпаис Жарқынбай: Нұрсұлтан Назарбаевтың есте сақтау қабілетіне таңғалғанбыз
Жақында қырғыздын алғашқы ұлттық газеті «Қырғыз Туы» өзінің шыға бастағанының 96 жылдығына арналған жиын өткізді. Жиынға газеттің ардагер журналистері де келген болатын. Жиын аяқталған соң, ұзақ жыл редакцияда әдебиет бөлімін басқарған, публицист, қырғыз еліне танымал ақыны6 Нұрпаис Жарқынбай ағамен әңгіме-дүкен құрдық. Әңгіме барысында бұдан ширек ғасыр бұрынғы оқиғалар да қозғалды.
Таным • 01 Желтоқсан, 2020
Ата даңқын, елдік салтын жалғастыра білген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылы Қазақстанды болашаққа бастайтын 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын бекітіп, ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2020
1999 жылы бір топ бас редактор – Мұқтар Мағауин, Ержұман Смайыл, Жүсіпбек Қорғасбек және мен Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алдық.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2020
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалады.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы Қазақстан Магниткасының от-жалын атқан домнасынан басталғаны туралы талай кітап жазылып, мақалалар жария болды. Әлі де жазыла бермек. Өйткені қарапайым горновойдан егемен еліміздің алғашқы басшысына дейін жүрген жолы, алып империяның шаңырағы шайқалғанда қолына дербестік туын берік ұстап, халқын салиқалы саясатының арқасында нарықтық экономика жолына бағыттай білген ерен еңбегі бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болуы тиіс. Елбасы феномені әлі талай оқулыққа еніп, аты аңызға айналары даусыз. Сондықтан биыл Теміртауда өткізілген біраз шарада, атап айтқанда Қазақстан Магниткасының 60 жылдығы мен Теміртау қаласының 75 жылдығында осы қаладан түлеп ұшқан әлемдік масштабтағы қайраткердің көшбасшылық қасиеті жан-жақты әңгіме болды.
Руханият • 01 Желтоқсан, 2020
Халқымызда «Жақсыға қарап бой түзе» деген қанатты сөз бар. Менің ойыма осы тәмсіл жиі оралады. Біздің азаматтық тұлғамыз, саяси көзқарасымыз халық ардақ тұтқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дара тұлғасынан, кемел ісінен үлгі алуымызбен қалыптасты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жанында жүріп қызмет істеуім менің де өмірге деген көзқарасым мен азаматтық тұлғама, саяси тұрғыдан шыңдалуыма әсерін көп тигізді.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Түркі руханиятының архитекторы
Түркі әлемі адамзаттың тарихи-мәдени мұрасында маңызды орын алады. Ол адамзат руханиятының, өркениетінің негізі, орталығы. Түркілердің өркениетке қосқан үлесі орасан. Сол себепті іргелі зерттеу мен айрықша назар аударуды қажет етеді. Түркі өркениетінің негізгі идеялары мен жаһандық өркениеттегі, тарихтағы рөлі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Дала мұрасы» кітабында ерекше аталып өткен.
Саясат • 01 Желтоқсан, 2020
«Алматы қаласының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауын байқаушылар штабының ашылуы өтті.