Парламент • 01 Желтоқсан, 2020
Парламенттік Ассамблеяның отырысына қатысты
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. Бейнеконференция форматында Кеңес отырысы және ҰҚШҰ ПА он үшінші пленарлық отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Тау алыстаған сайын биіктей түседі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтар үшін, әсіресе Елбасының жанында жүріп, саяси мектебінен тәлім алған, өмірлік тәжірибесінен сабақ алған азаматтар үшін ерекше мереке. Нұрсұлтан Әбішұлының ұдайы жадымызда жатталып, санамызда сайрап тұратын тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің негізін қалап, болашағын қалыптастырудағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегі бұл күндері тіпті жаңғыра түседі. Жылжыған жылдар мен сынаптай сырғыған күндерге көз жібере отырып, Елбасының 30 жыл ішіндегі Қазақстанды төрткүл дүниеге танытқан кемел көрегендігі мен кемеңгерлігіне айрықша тәнті боламыз.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасын өз елінің, өз мемлекетінің тарихы мен тағдырынан бөле-жара қарау мүмкін емес.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Мәулен Әшімбаев: Қазақтың жаңа замандағы ұлы көшін бастап берді
Барша Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 29 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таңдауын жасап, еліміздің Тұңғыш Президентін сайлады. Бұл тәуелсіздік жолындағы ең маңызды қадамдардың бірі болды деп айтуға толық негіз бар.
Таным • 01 Желтоқсан, 2020
Ахаңның ұстаздығы Қарағаштан басталған
«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылғы 13 қазандағы санында жарияланған «Бестамақта жазылған беймәлім мақалада» (Авторы Нұрқанат Құлабай) Ахмет Байтұрсынұлының бүгінге дейін белгісіз болып келген тағы бір мақаласы табылғанын, енді ақтөбелік өлкетанушылар №4 ауылды тапса ұлы ұстаз 1895 жылы қызмет еткен елді мекен белгілі болар еді дегенді оқығанда, түрте берсе түп негізі түркілікке апаратын әйгілі орыс ақыны Федор Тютчевтің белгілі «К.Б» өлеңіндегі «Тут не одно воспоминание, Тут жизнь заговорила вновь» деген сағыныш жолдары еске түсті. Ол осыдан отыз жыл бұрын тікелей өзім араласқан, айналысқан әңгіме болатын.
Руханият • 01 Желтоқсан, 2020
Нұр-аға, биіктесіз сан тұлғадан, Әлемнің мінбесінен саңқылдаған. Жаһанның жанарында топты жарып, Тарихи сәттеріңіз жарқылдаған.
Таным • 01 Желтоқсан, 2020
Көпшілікке мына тарихи суретті ұсынуды жөн көрдім. Бұл тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Елбасымыздың Катонқарағай ауданына алғаш келген кездегі Берел ауылының маңында, сол кездегі аудан басшылары мен Катонқарағай марал кеңшарының еңбеккерлерімен түскен суреті. Әрине, Елбасымыз шырайлы шығысқа, оның ішінде жер жаннаты аталған Катонқарағай жеріне одан кейін де сан мәрте ат басын бұрғаны белгілі. Соның ішінде ауданымызға Елбасының алғаш келуі жерлестеріміздің жадында қалып, әлі күнге тамаша бір сезімдермен еске алып отырады.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президент және дамудың қазақстандық моделі
Қай елде болса да замана жүгін түсіне біліп, оны көтере алатын, тәуекелі мол азаматқа, дара тұлғаға сұраныс ерекше болатыны тарихтан белгілі. Оларға тән терең ой, кемел ақыл, биік рух, қайрат пен қабілет түрлі тарихи сынақтан шығудың қисынын тауып, елін өрге сүйреуге жол ашқан. Ұлыбританияда – Оливер Кромвель, Үндістанда – Джавахарлал Неру, Түркияда – Мұстафа Кемал Ататүрік, Сингапурда – Ли Куан Ю, Малайзияда Махатхир Мохамад елдерінің жаңа жолының көшін бастаған дара тұлғалар болды.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2020
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетел мемлекеттері басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шетелдердің бизнес өкілдерінен хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Таным • 01 Желтоқсан, 2020
Жаһандық деңгейдегі реформатор
Тәуелсіздік жылдарындағы дербес жолында Қазақстан ең бастысы – өз аумағындағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтай алды, бұл ретте елдің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекші рөл атқарғаны сөзсіз. Көпұлтты факторды республиканың шынайы игілігіне айналдыра алатын көшбасшы – тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың шынайы кепілі.