Қоғам • 07 Қараша, 2020
ӘӘК әуе айлағы СУ-30СМ ұшқыр ұшағымен толықты
Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Баба бейнесі сахнада қалай сомдалуда?
Әркез "мәдени өмірімізде не жаңалық?" деп, бәріміз де ерекше елеңдеп отырарымыз ақиқат.
Технология • 06 Қараша, 2020
Moody’s Kaspi Bank-тің рейтингін көтерді
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингі мен жалпы болжамды "тұрақтыдан" "позитивтіге" көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы және республикалық негізгі басылымдарда жарияланған мақалалары жұртшылық тарапынан қызу қолдау табуда. Әсіресе еліміздің болашағы, жастарымыздың ғылымға, білімге деген құлшынысы, мемлекеттік тілдің дамуы, ұлттың кемелденуі, қоғамдық келісім туралы ой-толғамдары көкейге қонымды. Өйткені онда баршамыздың көңіл түкпірімізде жүрген өзекті жайттар дөп қозғалған.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Әділ шешім – әділетті қоғамның бастауы
Төрткүл дүниені шарпыған қауіпті індет мемлекеттің қауіпсіздігі мен экономикалық жағдайының қандай екенін айқындап, баға бергендей. Өйткені айналдырған бір жылға жетпейтін уақытта алпауыт елдердің өзі қандай амал, шара қабылдарын білмей абдырап қалған сияқты. Бұл ХХІ ғасырдың ең үлкен апаты, қарусыз майданы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіріп, күн санап өршіп бара жатқан аты жаман ауруға айналды.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Ерекше кештерімен белгілі еріктілер клубы
Жер-жердегі жұртшылыққа, әсіресе қайырымдылық жасауға етене жақын адамдарға «Ақтөбе қайырымды жандар» волонтерлер тобын таныстырып жатудың өзі артық. Өздерінің тақырыптық һәм ерекше кештерімен белгілі волонтерлер 2016 жылдан бері игі істерін атқарып келеді. Қамкөңіл жандарға дастарқан жайып, сол арқылы олардың бір сәтке болса да көңілін көтеруді көздеген үлкен жүректі жастар әртүрлі топтағыларды қатар қамтиды. Ал олардың осылай клуб құруына алматылық Айдын Тоқсанбаева деген белсенді қыздың бастамасы әсер еткен. Ол – идея авторы.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Тіл тәуелсіз болмай, шын тәуелсіз болмаймыз
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін тіл білуді міндеттеу керек» деген пікір жиі айтылады. Ата Заңдағы 7-баптың 2-тармағы қабылданар кезде де көп дау туғанын жақсы білеміз. Бүгінде де осы 2-тармақты алып тастау керек деген пікір жиі көтеріліп жүр.
Спорт • 06 Қараша, 2020
Шағын футболдан өткен дәстүрлі турнир
Нұр-Сұлтан қаласында «Namys» командасының жүлдесі үшін 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті.
Тарих • 06 Қараша, 2020
Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров 1919 жылы 9 тамызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Нұркен (бұрынғы Жәмші) селолық округінен екі шақырымдай жерде, Қаратал (бұрынғы Калинин) ауылы маңындағы Тезекбай тауының етегінде дүниеге келген. 1929 жылы Қарағандыда көмір өндірісі ашылып, жұмыс орындарының көбеюіне байланысты Нұркен ата-анасымен Қарағанды қаласына қоныс аударып, осы қалада білім алады.
Білім • 06 Қараша, 2020
Елбасы еңсесін тіктеген білім ордасы
Уақыт өтіп, заман өзгеріп жатыр. Бірақ дәуірлер қаншама алмасса да, білім мен ғылым ғана құнын жоймақ емес. Ал осы жолда қай елде болса да жауапкершіліктің ауыр жүгін түсіне біліп, оны көтере алатын, тәуекелшіл, елшіл һәм мемлекетшіл азаматтар болады. Ондай тұлғаларға тән кемел ақыл, терең ой, биік рух, қажырлы қайрат пен зор қабілет сан сынақтан шығудың қисынын тауып, елін өрге сүйреуге жол ашқан. Түркиялықтар Мұстафа Кемал Ататүрік, үнділер Джавахарлал Неру, сингапурлықтар Ли Куан Ю, малайзиялықтар Махатхир Мохамад сынды тұғырлы тұлғаларымен мақтанады. Олар өз елінің дамуында өшпес із қалдырды. Міне, осы қатарда заманның заңғар тұлғаларының бірі әрі бірегейі, көшбасшылық қасиетімен, өзіндік дара жолымен жаһанды мойындатқан саясаткер – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алар орны ерекше.