Өнер • 28 Шілде, 2021
Баянауыл топырағынан шыққан ақиық әншінің бірі – Жарылғапберді арқылы бізге жеткен бір шалқымалы ән – «Шама». Жұрт оны халық әні «Ағашаяқ» деген секілді халық әні «Шама» деп атап кеткен. Қазақтың ұшан-теңіз музыка фольклорын жүйелі түрде ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеудің мешеулігі күні бүгінге дейін жүздеген ән тағдырын тарих көлеңкесінде елеусіз, ескерусіз көмескі қалдырып келеді. Халық жүрегіне тек «Шама» боп орныққан әннің де өз сыры бар. Кезінде Жарылғапбердінің соңына еріп, әндерін үйренген үлкен әнші Қали Байжанов осы әннің авторы – Шама Нұрұлы есімді халық композиторы болғандығын, өзінің сыйлас, пікірлес, әріптес адамдарына дәйім айтып отырады екен. Өмірінің соңғы жылдарында Манарбек Ержанов радиоға келіп, музыка редакторларына: «Мен жаздырған «Шаманың әні» бар ма, жоқ өшіріліп кетті ме?» дегенін естіп едік.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Еліміздегі «Рухани жаңғыру» аясында іске асырылып жатқан іс-шараның бірі киелі жерлерді анықтау екені белгілі. Бұл, туған жерді қатты қадірлейтін қазақ халқына тән қасиеттің бірі. Сондықтан топономикалық атаулар тек геотерминдік қана сипатқа ие жай сөздер емес, олар – тұрғылықты этностың рухани мәдениетінде зор рөл атқаратын киелі символға ие лингвомәдени құбылыстар.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
«Егемен» назарындағы нысан - Күршімде көпір құрылысы қарқынды
«Елу жылда – ел жаңа» дегендей дәл 50 жыл өткеннен кейін күршімдіктерге жағаның ар жағына көпір үстімен қатынау бақыты бұйырайын деп тұр. «Айта айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деп бастап, «Егемен Қазақстан» газетінің сол кездегі шығыстағы меншікті тілшісі Азамат Қасымның мақаласынан кейін жарты ғасыр қатып қалған «сең» қозғалған еді.
Білім • 28 Шілде, 2021
Экологиялық сауаттылықты қосымша білім арттырады
Қазіргі таңда қоғамдық көзқарас тұрғысынан неғұрлым өзекті болып отырған экология проблемаларына назар аудару, жоғары оқу орындары мен мектептерде экологиялық білім беру, өскелең ұрпақты туған өлкенің экологиясына құрметпен қарауға тәрбиелеу қажеттігі туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде бірнеше рет атап өтті. Алға қойылған міндеттің маңыздылығын түсіне отырып, республиканың білім беру ұйымдары белгілі бір деңгейде жұмыс жүргізуде. Әрине, табиғатқа жауапкершілікпен қарау, балаларда экологиялық сананы қалыптастыру – өте күрделі және ұзақ процесс.
Білім • 28 Шілде, 2021
Қазақстандық оқушылар физика және лингвистика пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадаларда 6 медаль жеңіп алды. Жас физиктер құрама қоржынына 5 күміс, лингвистер 1 қола медаль салды. Қатысушыларды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында құттықтады.
Білім • 28 Шілде, 2021
Осыдан бес жыл бұрын Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Шерлі шежіре аманаты» тақырыбындағы халықаралық форумға АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген шетелдік ғалымдар ішінен бір қатысушыға жиналғандар ықыласы ерекше ауғаны есімде. Ол – америкалық ғалым, Индиана университеті Саясаттану факультеті Орталық Азия өмірін зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман болатын. Жұрт назарын өзіне аудартқаны – мұхит асып келген мейманның қазақша сөйлеуі. Бастапқыда оның қазақша сәлемдесуі елең еткізсе де, көпшілік одан артық ештеңені күте қоймаған.
Саясат • 28 Шілде, 2021
Халық қолдаған демократиялық өзгеріс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар пакетін ұсынып, соның ішінде ауыл әкімдерін тікелей сайлау керектігін айтып, нақты тапсырма бергендігі қоғамымызда қызу талқыланып, кеңінен қолдау тапты. Ал өткен жексенбіде бұл демократиялық өзгеріс нақты іске асырылып, елімізде ауылдық округтердің әкімдерін сайлау ойдағыдай өтті.
Саясат • 28 Шілде, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында тұңғыш рет өткізілген ауыл әкімдерін сайлау қоғамда зор қызығушылық туғызды.
Саясат • 28 Шілде, 2021
Саяси реформалардың ең маңыздысы
Ауылдық округ әкімдерін халықтың тікелей сайлауы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев уәде еткен саяси өзгерістер мен бастамалардың ең маңыздысы деп білемін. Бұл еліміздегі демократиялық процестердің сырттан импортталмай, іштен жүруіне, төменнен бастап сатылап дамуына, сөйтіп жүйелі өзгерістерді тудыруға зор ықпалын тигізетін болады.
Абай • 28 Шілде, 2021
Әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат иесі ұлы Абай даналығы мәңгілікке бағдар берер дара парасатымен баурап алады. Баурап алып қана қоймай, көзге шұқып көрсетеді, көңілге тоқытып діттетеді. Тіршілік әлемінің сан тарау сырларына бойлатып, құпия қырларын аңғаруға жол сілтейді. Ақындық қасиеті айқындалып, өлең-жырлары ел арасына кең тарай бастаған кезден-ақ бір өлеңі, бір сөзі кәдеге жарамай қалған жері жоқ екені көпке аян. Әр сөзі, әр ойы, әр ісі халық көңіліне берік ұялаған қалыпта даналықпен сабақтасып, жылдар жылжыған сайын тереңдеп, уақыт өткен сайын биіктеп бара жатқаны кәміл. Әлихан Бөкейханның 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеу [С. Қирабаев. Абайтану ғылымының тарихынан. Кітапта: Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002, 21 б.] мақаласынан басталып, толассыз даму үстіндегі Абайтану әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының ең іргелі саласына айналған ұлы ақын шығарашылығының әлі де ашылмай жатқан сансыз қыры бар екені күмәнсіз.