Пікір • 19 Наурыз, 2026
Елдіктің ерен белгісі, бірліктің терең көрінісі болған республикалық референдум мемлекеттік мерейімізді тасытып, мәртебемізді асырып отырған осынау күндерде біз алуан-алуан ойға берілеміз. Сол ойлардың бір саласы Заң мен тәртіптің алтын арқауы аталатын Конституцияның қадір-қасиетіне, жалпы конституционализм ұғымының ұлағатына қатысты. Адам өміріндегі де, қоғам өміріндегі де, заман тынысындағы да әрбір қадам осы құжатқа келіп тіреледі, бәрін де Конституцияда көзделген қағидаттар айқындайды.
Пікір • 19 Наурыз, 2026
Еліміз тарихи кезеңге аяқ басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйытқы болуымен жаңа Конституциямыз қабылданып, мемлекет дамуының берік құқықтық іргетасы қаланды.
Білім • 19 Наурыз, 2026
Жаңғырудың жеті жылы: Тұрақтылық пен даму
Қазақстан тарихының жылнамасында әр кезеңнің өз жүгі мен жауапкершілігі бар. Алайда кейінгі жеті жыл еліміз үшін кеше мен ертеңнің арасын жалғаған іргелі трансформация мен ұлттық жаңғырудың маңызды кезеңі болды.
Пікір • 19 Наурыз, 2026
Азаматтық жауапкершілікті ұстанып, ел болып жұмылған жұмыстың негізінде 15 наурызда Ата заңды қолдағандар 80 пайыздан асты. Кеше ғана салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямызды қабылдады. Халықтың кең қолдауымен қабылдануы негізгі құжаттың легитимдігін арттырады және реформаларды жүзеге асыруда тұрақты негіз береді.
Құқық • 19 Наурыз, 2026
Цифрлық жүйе – қауіпсіздік кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды ресми түрде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл цифрлық державаға айналу жолындағы нақты қадамның бірі болғаны даусыз. Қазір еліміздегі барлық салада озық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу кеңінен жүргізіліп жатыр. Ішкі істер органдарында да кейінгі уақытта көптеген цифрлық жоба ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді қолданыла бастады.
Ата заң • 18 Наурыз, 2026
Қазақстанның конституциялық моделі тұрақты әрі заманауи мемлекет қалыптастыру жолында
Maqsut Narikbayev University алаңында отандық және шетел сарапшыларының басын біріктірген дөңгелек үстел тақырыбы осылай аталды. Еліміздің жаңа конституциясын талқылауға арналған іс-шараны ұйымдастырушы – Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты. Сараптамалық дөңгелек үстел жұмысына ҚСЗИ директоры Жандос ШАЙМАРДАНОВ, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қорының президенті Қарлығаш ЖАМАНҚҰЛОВА, ҚСЗИ өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Әмина ҮРПЕКОВА, сондай-ақ шетел сарапшылары – Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Альберто ТУРКСТРА, Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары, дипломатия және халықаралық құқық сарапшысы Давид АПЦИАУРИ, Халықаралық салықтар және инвестициялар орталығының Энергетика, өсім және қауіпсіздік бағдарламасы директорының орынбасары Уэсли Александр ХИЛЛ (АҚШ), Орталық Азия бойынша сарапшы, Нархоз университетінің профессоры Андрей КАЗАНЦЕВ қатысып, конституциялық референдумдардың халықаралық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.
Тұлға • 18 Наурыз, 2026
«Сен жақсылықты жамандықтан жасауың керек, өйткені оны жасайтын басқа ештеңе жоқ» дейді Роберт Пенн Уоренн. Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдіктің «Парасат майданына» эпиграф ретінде алынған осы сөз оқырманын жақсылық пен жамандықтың, зұлымдық пен мейірімнің, махаббат пен ғадауаттың таразысына салып бағатындай.
Ата заң • 18 Наурыз, 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияланды
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 17 Наурыз, 2026
Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан «Наурыз балы» өтті. Мерекелік іс-шараға Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктес құрылымдар қатысты.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола облысына екі күндік жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан, Шортанды, Аршалы, Целиноград және Атбасар аудандарындағы тасқынға қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.