Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22283 материал табылды

Президент • 08 Қыркүйек, 2020

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлығы

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік  стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Пікір • 08 Қыркүйек, 2020

Бағдарымыз айқындала түсті

Ел Президентінің біздер, яғни ұстаздар қауымы үшін аса маңызды саналатын Білім күнінде жариялаған Жолдауын ерекше ықыласпен қабылдадым. Әлемде орын алған пандемия жағдайына байланысты «Енді не болар екен?» дегендей әрі-сәрі күйде отырғанымызда Жолдаудың ертеңімізге деген сенімімізді арттырып, бет алған бағдарымызды айқындай түскені анық.

Пікір • 08 Қыркүйек, 2020

Халықаралық жоғары талаптарға жауап беретін үлгі керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, оларды қылмыстық қудалауға негізсіз тартуды тоқтатуға, сот әділдігінің сапасына ерекше мән берді.

Оқиға • 08 Қыркүйек, 2020

Жастарға арналған бағдарлама

«Жас ғалым» ұғымын заңды түрде бекіту ұсынылды. Бұл туралы Jas Otan Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын талқылау мақсатында өткізілген бейнеконференция­да мәлім болды.

Абай • 08 Қыркүйек, 2020

Абайдың әл-Фарабиді тануы

Ұлы Абай өмір бойы дүниеден жиып-терген ой нәрін туған халқына бағыш­тағанда үнемі әділет пен ақылдың тегеу­рінді тезіне салып, сыншыл ой елегінен өткендерін ғана ұсынуды мақсат тұтқан.

Руханият • 08 Қыркүйек, 2020

Туған іні таланты

Алабөтен қуанатыным, Алпысбай талантына адамзаттың Айтматовы көзі тірісінде жоғары бағасын беріп кетті: «Алпысбай Қазығұловтың туындыларын осыдан 10 жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 1996 жылы наурыз айында алғаш рет Брюссель қаласында көрдім. Қазіргі заманның көрінісін дөп басқан картиналардан қазақтың дархан даласына, туған еліне, Жер-Анаға деген сүйіспеншілік сезілетін Алпысбайдың суреттері мені бірден баурап алды. Сол күні автордың жеке көрмесінде онымен танысудың да сәті түсті. Суретші қылқаламынан туған дүниелерде жалғандық жоқ. Шы­ғармалары бүгінгі заманның тілі­мен үн қатса да, баба дәстүрінен алы­стап кетпеген. Қылқаламына тәуел­ді туындылар «модернистік» фор­мада болғанымен, тақырыбы бойынша әлем шешімін таппаған мәңгілік сұ­рақ­тарға жауап іздейді».

Қоғам • 07 Қыркүйек, 2020

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 165 мың жұмыс орны құрылды

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында шамамен 6,4 мың жобаны іске асыру басталып, олар бойынша 165 мың жұмыс орны құрылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2020

Квазимемлекеттік ұйымдарды азайту – уақтылы шешім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында әлеу­меттік-экономикалық мәселелерге ба­сымдық бергені байқалды. Әсіресе елі­міз­дегі тұрғын үй құрылыс саласында ат­қа­рылатын жұмыстарға айрықша тоқ­талды.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2020

Ұлттың жаңа болмысы отбасынан бастап қалыптасады

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы көптің кө­кей­ін­дегі көкейкесті, түйткілді жайттарды қозғап отыр. Он бір тараудан тұратын маңызды құжаттың әр бөлі­мі­­нің атқарар жүгі салмақты. Біздің ойымызша сол өзекті ойлардың барлығы «Ұлттың жаңа болмысы» деп ата­ла­­тын соңғы тарауда тоғысатын сияқты. Бұл тарау Пре­зидент Жолдауының қорытындысы, Темірқазығы іспет­тес.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2020

Ертеңімізге бастайтын маңызды қадам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауы қазіргі күрделі кезеңде республика халқын елең еткізген ерекше Жолдау болды. Жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемия зардаптары сейілмей отырған бүгінгі таңда экономикалық дағдарыс пен халықтың әл-ауқатының төмендеуі әрбір азаматты толғандырып, көкейде мың-сан сауал туындатып отырғаны белгілі.