Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Руханият • 19 Маусым, 2020

Кісілік келбеті

Халқымыздың тарихи тағдырындағы талай-талай қасиеттерінің қатарында танымдық табиғатына таңғаласың. Олай болмаса, нені айтса да, айналып келіп кісі болмысына әкеліп тірейтін «жүйрікте де жүйрік көп – қазанаты бір бөлек, адамда да адам көп – азаматы бір бөлек» деп таңбалап кетер ме еді. Жарық дүниеге кезегімен келіп, «қара қазан, сары баланың» қамы үшін қабағын тер, қабырғасын қан жуған ұрпақтар батар күні мен атар таңының амандығын айтқанда, алдымен алқалы жұрттың азаматының көп болғанын көкседі.

Таным • 19 Маусым, 2020

Елбасы және түркілер төрі Түркістан

Биыл Қазақстанның жаңа елорда­сы­ның, күні кешегі Астана­ның – бүгінгі Нұр-Сұлтанның 22 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Тәуел­сіз еліміздің қасиетті төрі, құтты мекені, Еуразия кіндігіндегі бас қала Ұлы даланың жасампаз жаң­ғыртушылық рухын бүкіл әлемге паш етті.

Елбасы • 19 Маусым, 2020

Алаңдауға негіз жоқ

«Қазақстанның Тұңғыш Президентінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыған байланысты Елбасы оқшауланды. Бірақ алаң­дауға еш негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра береді», деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Саясат • 19 Маусым, 2020

Судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов­тың сот жүйесінің реформалануы туралы есебін тыңда­ды, деп хабарлады Прези­дент­­тің баспасөз қызметі.

Елбасы • 18 Маусым, 2020

Сырқатты жедел жеңетініңізге сенеміз - Жеңісбек Мәуленқұлов

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Елбасының сауығып кетуін тіледі.

Елбасы • 18 Маусым, 2020

Елбасының атына Ресей Федерациясының Президентінен жеделхат келіп түсті

Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Білім • 18 Маусым, 2020

Колледждер автоматтандырылған режімде құжат қабылдайды

Кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мен сапасын арттыру арқылы сұраныстағы мамандарды қысқа мерзімде даярлап шығуға болады. Осы ретте кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту мен жаңғырту мақсатындағы үш жылға арналған "Жас маман" жобасы аясында 180 колледждің материалдық-техникалық базасының жаңартылуы үшін бюджеттен 56 млрд теңге қарастырылды. Осы уақыт ішінде колледждерді жабдықтау, бағдарламаларын жаңарту және кадрларды оқытып, сол бағдарламамен жұмыс істеуге бейімдеу сияқты міндеттерді жүзеге асыру мақсаты қойылған.

Білім • 18 Маусым, 2020

Тәрбиешілердің терезесі теңесті

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының (PISA) зерттеуіне сәйкес, мектепке дейінгі білімі жоқ оқушылар мектепте нашар және құрдастарынан бір курстан аса уақытқа артта қалады. Себебі педагогикалық ғылымда адам миының 85%-ы 5 жасқа дейін дамитыны түрлі ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері арқылы дәлелденген. Осы тұрғыда министрліктің балаларды ерте жастан дамытуға ерекше мән бергені қуантады. Бұл бағыттың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына енгізіліп, іске асырылып, нақты нәтижелердің көріне бастауы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қызметіне кіріскен уақытымен тұспа-тұс келгенінін атап өту керек.

Саясат • 18 Маусым, 2020

Қазақстанның Индонезиядағы дипмиссиясының басшысы АСЕАН жанындағы Елші ретінде аккредиттелді

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының Бас хатшысы Лим Джок Хойға Қазақстан Республикасының АСЕАН жанындағы Елшісі ретінде аккредиттеу туралы ҚР Сыртқы істер министрінің хатын тапсырды, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Білім • 18 Маусым, 2020

Білім саласының тың серпілісі

Қазақ халқы ұстазын сыйлап, құрметтеген ел. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деп адамға қарап ұстазын таныған. Осыған орай, ұстаздар мәртебесін көтеру мақсатында, "Педагог мәртебесі туралы" заңның қабылдануы, саналы ғұмырын сапалы қызмет етуге арнаған сансыз маманның ішіндегі барша әлем бас иетіндей құдіреттісі – ұстаз екенін дәлелдейтін заң болды.