Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22297 материал табылды

Таным • 11 Тамыз, 2020

Алаша хан кесенесінде қазақ хандарының бабасы жатыр

Биыл халықаралық ауқымда кеңінен әйгілі Алтын Орда мемлекетінің құрылуының 750 жылдық тарихына сәйкес келіп отырғандықтан осы ұлы мемлекеттен бізге мұра болып қалған көне тарихи орындарды анықтау аса маңызды. Сондай қасиетті ескерткіштердің бірі – Алаша хан кесенесі. Аты да заты да жұмбақ бұл кесенеде кім жатқаны туралы нақты тарихи деректер табылмағандықтан бүгінде осыған қатысты «болжампаздар» қатары көбейе түсуде.

Парламент • 11 Тамыз, 2020

Әлеуметтік мәселелер басты назарда

Сенат депутаты С.Айтпаева Ақмола облысындағы сапары барысында Жақсы ауылының орталық ауруханасының жұмысымен танысты.

Абай • 10 Тамыз, 2020

"Абай күні" – руханият мерекесі

Абай адамзаттың Абайы. Оның терең пәлсапасы, мазмұнды һәм мағыналы қара сөздері, надан болмай, адам болуға шақыратын мәңгілік шығармалары, рухани мол мұрасы, классикалық әндері күллі адамзатқа ортақ.

Парламент • 10 Тамыз, 2020

Депутаттардың аймақтардағы сапары жалғасуда

Сенат депутаты Р.Әбдікеров жұмыс сапарымен Қара­ғанды облысында болды. Ол өңірдегі бірнеше ауданның тұр­ғындарымен кездесіп, құрылыс нысандарына, мектептер мен медициналық мекемелерге барды.

Қоғам • 10 Тамыз, 2020

Тұлға туған топырақ

Егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, жарқын болашаққа жетелеген, сан ғасырлардағы бабалар арманын баянды еткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихымызда алатын орны ерекше. Ел тірегі, ұлт мақтанышы, Ұлы даланың ұлттық ұстанымдарын бойына сіңірген Елбасы 1991 жылы ұлы Абайдың еліне келген сапарында: «Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абайдың аруағына басымды идім», деп ұлылыққа тағзым етті. Бұл қазақ халқы үшін, оның ішінде ұлы ақын есімімен аталатын Абай ауданы үшін үлкен құрмет, ерекше мәртебе екендігін айтуымыз қажет.

Руханият • 10 Тамыз, 2020

Сана сәулесі, жүрек жұлдызы

Біз тарих, қоғам туралы ой­лан­ғанда арғы-бергі өткен ойшыл­дар­дың пікірлерінен аттап кете алмай­ты­­нымыз ақиқат. «Ұят, ұят, ұят – міне бүкіл адамзат тарихы осы!» деген ащы сөзді Фридрих Ницше тегін айтпаған. Бұл сөзден барлық адамзат баласы жаса­ған күллі күнәлардың баршасы қараңғыдағы шоқтай болып, көздері қызара жылтырап, тесіле қарап тұрғандай сезіледі. «Білімнен асар қазына жоқ, ақы­мақтан асар жауың жоқ, білім­нен биік бедел жоқ, ұяттан артық әше­кей жоқ» деген сөзді Сократ айт­қан деседі. Ал Абай 36-қара сөзінде ұят туралы айтып келіп: «Ұят кімде бол­са – иман сонда» деген...  

Әдебиет • 10 Тамыз, 2020

Қайталанбас ғажайып құбылыс немесе классик жазушы Мұхтар Мағауин Абай портретін сырлы сөзбен қалай зерлеген?

Мұхтар ағаның кез келген дүниесі елең еткізсе керек. Даусыз. Өйткені шөпті де, шөңгені де шимайлап, киелі қаламын текке былғамайды. Оймақтай ой айтса да елдік тұрғысынан қозғауы ежелгі мұраты.

Әдебиет • 10 Тамыз, 2020

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес

Жастарға (үзінді) Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық.

Президент • 10 Тамыз, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор

10 тамызда ұл­­ты­­мыздың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­ды. Бұ­дан ши­рек ға­сыр уақыт бұ­рын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткі­зіл­ген еді. Бұл торқалы той – сол тама­ша дәстүрдің жалғасы.

Руханият • 10 Тамыз, 2020

Дәріптеуге лайық даналық

Абай. Зере анамыздың хакімге көрегендікпен қойған осы бір есімі – бүкіл қазақтың бойтұмары іспетті. Ұлы ойшылдың тереңнен тартқан әрбір сөзі ұлтымызды жамандықтан сақтап, абай болуға үндейтіндей. Жүрегінің түбіне терең бойлап, жұмбақ жанның астарлы бір ойының болса да кілтін таба білген оқырманға Абай әлемі – еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, бізді жеті түнде адастырмайтын темірқазық. Әркімнің өз Абайы бар: бірімізге – ақын, бірімізге – философ, бірімізге – композитор, бірімізге – көшбасшы, енді бірімізге – келешекті көре білген көріпкел... Бастысы иісі қазаққа, әсіресе заман дамып, жылдар жылжып, ғасыр озса да асыл сөзі замандасымыздың ойындай алдымыздан шыға келетін біртуар тұлғаны халыққа таныстырып жатудың өзі артық. Сөз басындағыдай атын атасақ жеткілікті. Жүрек сайрайды. Бұл да болса, Абайдың бізбен бірге мәңгі жасайтынына дәлел болса керек.