Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Әдебиет • 19 Мамыр, 2020

Дулат Исабеков: Пушкин, Абай және басқалар

...Пушкин өмірі мен шығар­ма­шылығы шалқып жатқан теңіз. Ол туралы он­даған, жүздеген кітап­ жазылды. Біз оған еш­қан­дай жаңалық қоса алмаймыз. Оның өмірге келген күнінен бас­тап ақырғы сәтіне дейін әр жылы, әр күні қағазға түскен. Пуш­кин­танушылардың айтуы бойын­ша, оның өмірінде белгісіз боп кел­ген үш-ақ күн бар екен, қалған күнде­рінің бәрі тарих бетінде сайрап тұр.

Қоғам • 19 Мамыр, 2020

Ізгілік жаршысы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын іске асы­ру­да­ғы жобалық тәсіл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес толық көлемде азаматтық қоғам­мен өзара қарым-қатынастың жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Өнер • 19 Мамыр, 2020

Қазақ жерінде тұңғыш музей қашан құрылған?

Қазақстанда тұңғыш музейдің қашан құрылғаны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында, энциклопедияларда және кітаптарда, ғылыми еңбектердің барлығында дерлік алғашқы музей Орынбор қаласында XIX ғасырдың отызыншы жылдарында, кейбіреулерінде 1831 жылы құрылған деп жазылып жүр. Бірен-саран жарияланымдарда ғана 1830 жылы делініп қалады, бірақ айы-күнін айта алмайды. Қазақ совет энциклопедиясының 1975 жылы жарық көрген 6-шы томында Қазақстанның тұңғыш музейі (Қазіргі Қазақстанның ор­та­лық мемлекеттік музейі) 1831 жылы Орынбор қаласында академик В.И.Дальдің басқаруымен құрылғандығы жазылған. Тарих дәлдікті жақтырады, тіпті кейде оқиғаның айы, күні ғана емес, сағаттары да есепке алынып жатады. Бұл мақала көтерілген мәселеге нүкте қою үшін жазылды.

Президент • 19 Мамыр, 2020

Туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттер басшыларынан, үкі­мет және парламент төрағаларынан, шетелдік мемле­кет­тік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дип­ло­матиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, дін, шығармашылық және ғылыми зия­лы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түсті, – деп ха­барлады Президенттің баспасөз қызметі.

Білім • 19 Мамыр, 2020

Мектеп оқушыларына 19 мамырға арналған телесабақтардың кестесі

Білім және ғылым министрлігі 19 мамырда өтетін телесабақтардың кестесін жариялады.

Елбасы • 18 Мамыр, 2020

Елбасы журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 18 Мамыр, 2020

Қырғыз Республикасының азаматтарына транзитті қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының азаматтарына транзитті қамтамасыз ету мәселелері бойынша келесіні хабарлайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 18 Мамыр, 2020

Түркия Президенті Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы іс-шараларына қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның жолдау хаты келіп түсті. Құжатта еліміздің жаңа коронавирусқа қарсы қабылдап жатқан кешенді іс-әрекеттеріне жоғары баға берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 18 Мамыр, 2020

Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ҚР Президенті Қ. Тоқаев қазіргі жағдайдың мынаны нақтылап бергенін атап өтті: азық-түлік қауіпсіздігі — тұтас бір мемлекеттің қауіпсіздігінің басты элементі. Бүгінде еліміздің аграршыларына барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 18 Мамыр, 2020

Қазақстан АДБ-мен əріптестік туралы келісімге түзетулерді ратификациялады

2020 жылғы 14 мамырда Мемлекет басшысы «Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.