Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

2020 жылы 2 есе көп мектеп салынады - Алтай Көлгінов

Биыл Нұр-Сұлтанда 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады. 2020 жылы 12 мектеп пайдалануға беріліп, тағы 12 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. 20 мыңнан астам оқушы орны құрылады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Майқайың мен А351 көшелерінің қиылысында орналасқан мектептің құрылысымен танысты. Мектеп 1200 орынға есептелген, 2021 жылы пайдалануға беріледі.

Әлем • 27 Сәуір, 2020

Сербия азаматтарына үйден шығуға тыйым салынады

Сербия азаматтарына 30 сәуір мен 4 мамыр аралығында үйден шығуға тыйым салынады.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2020

Бүгін республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі

Бүгін республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік көмек ретінде 11,5 миллиард теңге төленді

Нұр-Сұлтанда 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетуге 11,5 миллиард теңге төленді. 26 сәуірде әлеуметтік көмекті  270 мыңнан астам адам алды. Өтінімдерді қала әкімдігі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және МӘСҚ-мен бірлесіп өңдейді. Қалалық штаб демалыссыз, күшейтілген тәртіпте жұмыс жасауда.

Руханият • 27 Сәуір, 2020

Қолдауды айқын сезіндік

Пандемияға байланысты елімізде болып жатқан жағдай кезінде мемлекетіміздің көмекке мұқтаж жандарды назардан қалдырмай, қол ұшын беріп жатқанына алғыс айтқым келеді.

Президент • 27 Сәуір, 2020

Президенттік билік – барлық жетістіктің негізі

Қазақстандағы президенттік институттың құрылуына 30 жыл толуы­на орай «Президенттік басқару формасы: конституциялық негізі және сая­си практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Руханият • 27 Сәуір, 2020

Екінші дүниежүзілік соғыс: тұтқындар тағдыры

(Соңы. Басы 79-нөмірде) 2. Тұтқындарды елге қайтару 1944 жылы жазда майдан ашылғаннан бері Антигитлерлік одақ елдері өздерінің тұтқынына түскен кеңес әскери адамдарын КСРО жағына беретін болды. Бұл саяси және гуманитарлық маңызы бар жұмыс болғандықтан, екі жақ та оған зор мән берді. КСРО Сыртқы істер халық комиссариаты (1945 жылдан бастап министрлік) КСРО азаматтарын еліне қайтару жұ­мысын қолына алды. 1944 жы­лы қаңтарда КСРО үкіметі жа­ны­нан Репатриация істерінің Басқармасы құрылды. 

Руханият • 27 Сәуір, 2020

Ақсұлтан асқан асулар

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, ұзақ жылдар бойы еліміздің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болған, қазір зейнетке шыққан Ақсұлтан Аманбаев өзі туып-өскен оңтүстік өңірі жайлы «ұлан-ғайыр қазақтың киелі жері бар қазақтың, арғысы бүкіл түркі әлемінің аяулы мекені, қаймағы бұзылмаған қазақы қонысымыз, ұлтжанды халқымыз ұлттық дәстүрімізді, салт-санамызды ұмыттыруға бағытталған жылдарда дінімізді, тілімізді, ділімізді сақтап қалуға зор үлес қосқан қасиетті мекенде, Әл-Фараби бабамыз­дың кіндік қаны тамған, елімізге талай атақты тұлғаларды, ғұламаларды, өнер тарландарын сыйлаған Отырардың қасиетті топырағында өмірге келгенімді мақтаныш тұтамын», – дейді. Осындай өлкеде туып, елінің бар жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өскен, өмірден өз орнын тауып, ұлт алдында перзенттік борышын адал атқарып, көпшіліктің құрметіне бөленген, мемлекет қайраткері, ғалым-кардиохирург Ақсұлтан Аманбайұлы Аманбаев бұл күндері сексеннің сеңгіріне аяқ басып отыр.

Таным • 27 Сәуір, 2020

Дін және дауа

Газетіміздің бүгінгі нөмірінде белгілі аудармашы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, дін саласының маманы Зәріпбай Жұманұлы Оразбайдың бүкіл дүние жүзін дүрліктіріп отырған коронавирус және оның салдары мен ата-бабаларымыздың өткен замандарда осы сияқты індетерге қарсы қандай шаралар мен ем-домдар қолданғаны туралы ойларын бөліскен мақаласын жариялап отырмыз. Ондағы келтірілген деректер мен тілектерге көпшілік қауым қызығушылық танытады деп ойлаймыз.

Әдебиет • 27 Сәуір, 2020

АҚШ-тың бет-бейнесі Голливуд болса, қазақтың рухын көтеретін әдебиет

Біреудің жұмыс іздеп кеткен жағынан бала-шағасына жүз мыңдап, екі жүз мыңдап ақша келіп жатыпты. Басқалар да артынан барайын десе, өздері тұрып жатқан ауылды бір бай сатып алмақшы екен деген сыбыс шығып тұр. Егер сатып алса, бастарына бақ орнататындай көрінеді. Бірақ ол бай бұл ауылды қашан сатып алады? Сосын қашан сиыр қора салады? Оған сиырларды айдап әкеліп, қашан қамайды?