Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасында ҰБТ өткізу тәртібі түсіндірілді

Карантинге байланысты 9 (10) сынып оқушыларына арналған бітіру емтихандары мен 11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік емтихандар алынып тасталды. Ал түлектер ҰБТ-ны 11 сыныптың төртінші тоқсанындағы бағдарлама сұрақтарынсыз тапсырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2020

Бірлік қана жеңіске жеткізеді - Нүкетай Мышбаева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуір күнгі Қазақстандағы карантинді 11 мамырға дейін ұзарту жөнінде қабылдаған шешімі жайлы естіп, өзімнің бұл шараға толық қосылатынымды айтқым келеді. Қарап отырсаңыз, жан-жақтағы әлем елдері түгел осы шешімге бейіл беріп отыр. Еуропа, ТМД елдерінің көпшілігі карантин мерзімін мамырдың ортасына дейін, кейбірі тіпті мамырдың соңына дейін ұзартатынын жариялады.

Парламент • 27 Сәуір, 2020

Сенаторлар компанияларды іріктеудің жаңа тәсілдерін ұсынуда

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде қазақстандық бизнесті қолдау шаралары мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған вице-спикерлер Бектас Бекназаров, Асқар Шәкіров, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 27 Сәуір, 2020

Шетелде Қазақстанның 175 мың азаматы жүр - министр

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда карантин аймағынан өткені үшін 143 азамат қамауға алынды

Ескертулерге қарамастан, жол бөгеттерін айналып өтіп, карантин аймағынан өту әрекеттері тоқтамай тұр деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Елорданың 28 мыңнан астам тұрғыны 50 мың теңгеден алады

Birgemiz қорынан төленетін төлемдер жеті санат бойынша беріледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Шымкент – бауырмашылдық пен достықтың киелі ордасы

Ортақ тарихымыздың символына айналған Қазақстан халқының бірлігі күні  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындаған бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған күні болып айшықталды. Киелі қазақ жері миллиондаған тағдырларды тоғыстырды, пана болды. Бауырмашыл қазақ халқы тоталитарлық саясаттың салқынын сезген талай жанға қайырымдылығы мен кеңпейілдігін, даналығы мен қонақжайлығын көрсетті. Қазақ халқы паш еткен асқақ адамгершіліктің, адал ниеттің, шынайы жанашырлықтың арқасында талай ұлттың өкілдері қиын-қыстау шақтың ауыртпалығын еңсерді, қазақ жерінде өнді-өсті, бақытын тапты.

Қазақстан • 27 Сәуір, 2020

Экокодексті қабылдауды кейінге шегеру қоршаған ортаға зиян әкеледі

Коронавирус пандемиясына байланысты Тау-кен өндіру және металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы жаңа экологиялық кодекстің жобасын қарастыру мерзімін бір жылға кейінге шегеру туралы ұсыныс тастағаны белгілі. Бірақ эколог-мамандар экокодек реформаларын кейінге қалдыруға болмайтынын айтып, дабыл қақты.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Еріктілер азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуді жалғастыруда

«Jas Otan» жастар қанатының еріктілері  жалғызбасты қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ардагерлерге, ерекше қажеттіліктері бар және т.б. азаматтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда.

Коронавирус • 27 Сәуір, 2020

Елімізде тағы 24 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

24 адам коронавирус індетінен емделіп шықты: Қызылорда облысы - 4, Қарағанды облысы - 6, Түркістан облысы - 2, Атырау облысы - 12.