Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Қоғам • 09 Маусым, 2023

Құнды қолжазбалар қамқорлыққа зәру

Дамыған елдер көне жазба деректерді көзінің қарашығындай сақтап, ұлттық рухани құндылық ретінде мемлекеттік деңгейде қамқорлыққа алған. Алыстағы Америкада ғасырлар бойы жинақталған қорлар, Батыс Еуропадағы Рим, Ватикан, Лондон, Париж, Берлин сияқты ірі қалалардағы қолжазбалардың сақталуы мен жүйеленуі, ғылыми тұрғыдан зерттелу деңгейі – озық өнегенің үлгісі.

Абай • 08 Маусым, 2023

«Бірлік – ақылға бірлік»

Қазақтың ғасырлар көшіндегі сан қилы тарихы мен атадан балаға мирас болып жеткен бай әдебиетіне, күні кешеге дейін алтын желіні үзбей жалғастырып жеткен ұрпақ тәрбиесінің озық үлгілеріне қарап таңғаласың. Ауыл ақсақалының бір ауыз сөзіне бағынған, ел сайлаған биі­нің пәтуалы сөзіне тоқтаған, үлке­ніне құрмет, кішісіне ізет көр­сетіп, төс қағысып құда бо­лып туысқан халық өміріне қызы­ғасың.

Тұлға • 07 Маусым, 2023

Тарихи атшабарды қайта ашқан азамат

1916 жылы мамыр айында қазақ елінің болыстарын Семей қаласында жинаған Әлихан Бөкейхан: «Қазақ елі енді жеке мемлекет болды!» деп зор қуанышпен хабарлады. Осы жиналысқа Жаркенттен Мұқа Әжібекұлы да қатысқан еді. Бұл жөнінде «Қазақстан» баспасынан 1970 жылы жарық көрген Шабдан Байбатшаевтың «Бел-белестер» атты кітабында деректер берілген. Семейде өткен осы жиналыс­тан елге келісімен болыс Мұқа Әжібекұлы халық белсенділерін жинап, шілде айында Жаркент қаласының жоғары жағындағы Қарадалада қазақ елінің жеке мемлекет болып жариялануына арнап ат бәйгесін өткізу ниетін білдіреді. Ел ағалары Мұқа болыс айтқан осы ат бәйгесіне үлкен қуанышпен жан-жақты дайындалған. Қарадала ат бәйгесін өткізуге сұранып тұрған жер еді. Өйткені ұзындығы 4 шақырымға созылған, биіктігі етегіндегі жазықтан 10 метр­дей текшеде тұрып, ат бәйгені емін-еркін көре алатындай ыңғайлы орын болатын.

Таным • 07 Маусым, 2023

«Арқада бір өзенді дер Обаған...»

Обаған – Қостанай өңірінің оңтүстігіндегі Шолақсай маңындағы далалық алқаптан бастау алып, солтүстіктегі Тобыл өзеніне құятын, ұзындығы 370 шақырымнан асатын өзен. Ол өзінің ағыс жолында Құсмұрынға құйып, Қарақамыс, Теңіз сынды бірнеше ірі көлді жағалай келе Тобылмен тоқайласып, одан әрі Ертіске, Ертіс – Обьқа, Обь – Қар теңізіне, Қар теңізі Солтүстік мұзды мұхитқа ұласады. Демек, Обаған – Ұлы дала төсіндегі кішігірім жылғалардан басталып, алыстағы алып мұхит қойнауында байыз табатын өзен.

Экология • 07 Маусым, 2023

Тұзды сор қашан құрғатылады?

Кім-кімді болса да Арал теңізі теміржол станса­сының қарсы бетіндегі көлемді тұзды сор мәселесі ойлантпай қоймайды. Тіршілік еткен соң қайсыбір жылдары қаладағы сортаң мен сор жерлерді топырақпен көмгенде, бұл тұзды сор неге ұмыт қалған? Әлі күнге дейін көпшілікті таңғалдырып келеді. Бөлінген бюджет қаржысы аз болды ма, әлде күші жетпеді ме?

Жәдігер • 07 Маусым, 2023

Отырардың тарихи құбырлары

Отырар ежелгі заманнан-ақ қала­сында ғылым мен мәдениет, сауда өндірісі, даласында егін, мал шаруашылығы қатар дамы­ған әлемдік мәдениеттің ірі орта­лық­тарының бірі болған. Ежелгі жазба деректерде: «Отырардың аумағы ұзындығы мен еніне қарай шамамен бір күндік жер болған». Яғни Отырар сол кезде 200 гектардай жерді алып жатқан.

Қоғам • 06 Маусым, 2023

Медиа: зерттеу мен болжам

Әлемдік зерттеулерде өзге тақырыптармен қатар журналистика мен медиадағы болжамды бағамдап отыру әдетке айналған. Күнделікті өмірге сіңіп кеткен медиа саласының бетбұрысы, үрдісі қандай? Осы орайда Оксфорд университеті, «Reuters» журналистиканы зерттеу институты мен «Google жаңалықтар бас­тамасы» бірлесіп жүргізген зерттеуі назар аударуды қажет етеді. Өткен жылы жарық көрген «Журналистика, медиа және технология трендтері мен 2023 жылғы болжамдар» атты есеп 53 мемлекеттегі 303 жетекші медиакомпания басшысынан алынған сауалдамаға негізделген. Сауалдама нәтижесінде келесідей бірқатар үрдіс анықталған:

Шаруашылық • 06 Маусым, 2023

Тарбағатай: Түйіні шешілмеген түйткіл көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп саласын дамыту туралы тапсырмалары, осы саланың маманы болғандықтан, мені де бейжай қалдырмады. Қолыма қалам алып, өз көрген-білгенімді ой елегінен өткізіп, ортаға салғым келді. Кеңес одағы тарағаннан кейінгі дағдарысты біздің Тарбағатай ауданы да бастан кешті. Облыстар мен аудандар қысқарды. 1997 жылы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауданына қосылды. Бұл жағдай халықтың әл-ауқатының төмендеуіне әкеліп соқты.

Тұлға • 06 Маусым, 2023

Жалау Мыңбайұлы Түркияда ардақталды

Мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлын (1892-1929) кеңестік Қазақ автономиясында елдік-ұлттық құндылықтарды жалғастырған, Алаш зиялыларын қадірлеген, ел мен жер тұтастығына қызмет еткен тұлға ретінде бағалаған дұрыс.

Қоғам • 05 Маусым, 2023

Бауырластар туралы баян

Кешегі кеңестік кезеңдегідей емес, тәуелсіздіктің арқасында бүгінде азаматтарымыздың алыс-жақын шетелдерге ат арытып барып-келуі пәлендей тосын жаңалық болудан қалды ғой. Адам өмірге бір рет қана келетіндіктен, байырғы бабалар сөзімен айтар болсақ, «Асың барда беріп жүріп ел танығанға, атың барда желіп жүріп жер танығанға» не жетсін? Өйткені өзге елдің тыныс-тіршілігімен, ондағы халықтың өткенімен, мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен, салт-дәстүрлерімен танысқан сайын өзіңнің де көкірек көзің ашылып, дүниетанымың кеңейетіні, жан дүниең байи түсетіні шындық.