Медицина • 28 Ақпан, 2020
Бұл – жаңадан пайда болған вирус. Оның ағымы қалай болатынын ешкім болжап айта алмайды. Соған қарамастан, еліміз жоғары деңгейде алдын алу жұмыстарын жүргізіп, қатты қадағалауға алды. Алайда ауру басқа елдерге таралуда. Оңтүстік Корея мен Италияда оқу оқып, жұмыс істеп жатқан отандастарымыз көп. Енді елге келетін адамдар ауруды алып келуі мүмкін. Әсіресе сау тасымалдаушылардан көбірек қауіптенуіміз керек. Дәрігерлер де, ғалымдар да мұндай адамдардың бар екенін дәлелдеді, олар өздері ауырмайды, сырқаттың белгілері де болмайды, бірақ вирусты тасымалдап, басқаларға жұқтырады.
Қоғам • 28 Ақпан, 2020
Коронавирустың әлемге тарала бастағаны туралы алғашқы хабар түскеннен бастап Қазақстанда алдын алу шарасы өте жоғары деңгейде жасалып жатыр. Ең алдымен, ауру жұқтырып алмауы үшін Қытайда жүрген отандастарымыз елге қайтарылды. Сақтық шараларын жүргізу үшін Үкіметтен қаржы бөлінді. Барлық облыстарда инфекциялық және карантинге арналған орын дайындалды. Карантиндік орын ауру тараған елдерден келген азаматтарды 14 күн оқшаулауға арналды. Бұл инкубациялық мерзім деп аталады. Яғни, инфекция жұққаннан ауру басталғанға дейінгі аралықты қамтиды. Соңғы кезде ауру 24 күн өткеннен кейін байқалады деген де ақпарат бар. Соған байланысты екі апта карантинде болған адам жағдайына қарай үйінде немесе басқа түрде жеңілдетілген карантинде болуы тиіс.
Медицина • 28 Ақпан, 2020
Дүйім дүниені дүрліктірген «коронавирус» сөзі «қаржы дағдарысы», «терроризм», «зілзала», «цунами» және т.б. сөздерден де қорқынышты болып, әлемдік деңгейдегі ең өзекті мәселеге айналып барады. Ауру қоздырғышы – вирус. Табиғатта ауру тудыратын микроорганизмдер өте көп: бактериялар, коккалар, бациллалар, рикетсиялар, хламидиялар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар, вирустар деп тізбектеліп кете береді. Бұлардың ішіндегі ең күрделілерінің біріне вирустар жатады. Вирустар басқа микробтарға қарағанда ең ұсағы, егер басқа микробтарды микроскоппен ғана көретін болсақ, ал вирустардың ұсақтылығы соншалық, электронды микроскоппен ғана көруге болады.
Таным • 28 Ақпан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Ұлы даланың ұлы тұлғаларын ұлықтау маңызына ерекше тоқталды. Тарихымызда өшпес із қалдырған ұлы тұлғаларымыз ежелде де, өткен ғасырларда да болған, тіпті, керек болса, қазіргі кезде де арамыздан табылады. Қазіргі ай мен күннің аманында, кешегі қатаң тоталитарлық заманда қиындықтарға төтеп берген асыл текті ағаларымыздың есімін естен шығармай, олардың өмірін жас ұрпаққа үлгі ете білу – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің, парызының бірі деп білеміз.
Тарих • 28 Ақпан, 2020
...Ол кісінің біздің ауылға қайдан тап болғанын біз білмеуші едік. Шешемнен тек «Балқияның бір кезде атақты байдың бұлаңдап өскен жалғыз қызы болғанын, асқар таудай әкесі, арыстандай ақырған ағалары тұрғанда асқан тәкаппар бойжеткенге жігіт атаулы сөз айтпақ түгілі, батып тіктеп қарай да алмағанын» естігем. Әйтеуір, ауыл жұрты есі ауысқан осы кісіге біртүрлі жылұшырай қарайтын.
Руханият • 28 Ақпан, 2020
Өзара құрмет пен сыйластық мейрамы
Қазақстандықтар биыл 1 наурыз – Алғыс айту күнін бесінші рет атап өткелі отыр. Алғыс айту күні – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дәстүрлі мерекеге айналған, елімізді дамыту жолында тер төккен барша қазақстандықтардың бір-біріне ілтипат білдіретін атаулы күн. Бұл – ішкі мазмұны қазақ халқы мен еліміздегі түрлі этностардың ортақ тарихына құрмет көрсетуге үндейтін мереке.
Руханият • 28 Ақпан, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыста толарсақтан қан кешіп жүріп, Еуропаның жартысын шарлаған, әлемді фашизм езгісінен құтқару жолында қару асынған Баймұқан Амантаевтың өнегелі өмірі ұрпақтарына үлгі.
Руханият • 28 Ақпан, 2020
Қазақ жауынгеріне көрсетілген құрмет
Буханвальд концлагері сағын сындыра алмаған, азапты лагерьден қашып шығып, 1944 жылы Бельгия Корольдігі жерін басқыншылардан тазартуға қатысқан қазақ жауынгері Сейілхан Ғабдуллиннің Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылындағы бейітінің басына осы елдің Қазақстандағы елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаль гүл шоқтарын қойып тағзым етті.
Таным • 28 Ақпан, 2020
Қазақ ұлттық өнер университетінің Шопен залында музыка факультеті ішекті аспаптар кафедрасының магистранты Бекарыс Құсанбектің жеке концерті өтті.
Таным • 28 Ақпан, 2020
Жуырда Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Болат Бодаубайдың «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Таңғаламын өмірдің ғажабына» атты қос томдық романы қолыма түсті.