Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20758 материал табылды

Үкімет • 24 Ақпан, 2020

Ертең Үкімет отырысында бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралады

Үкімет үйінде сейсенбі күні 25 ақпанда сағат 09:00-де Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлады primeminister.kz.

Медицина • 24 Ақпан, 2020

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай?

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 24 Ақпан, 2020

Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалды

Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Абай • 24 Ақпан, 2020

Эфиопияда Қазақстанның Елшілігі Абайдың шығармашылығын таныстырды

Аддис-Абеба университетінде Халықаралық ана тілі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Аталмыш шараға Ғылым және жоғарғы білім, Мәдениет министрліктердің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 24 Ақпан, 2020

Елордадан 32 мың текше метр қар шығарылды

22 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 254 техника бірлігі мен 1 655 жол жұмысшысы жұмылдырылып, 31 990 текше метр (2 666 рейс) қар шығарылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан • 24 Ақпан, 2020

Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Саясат • 24 Ақпан, 2020

Негізгі ұғымдар жүйеленеді

Қазіргі таңда қоғамда «Қазақстан Республика­сындағы бейбіт кездесулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының тұжы­рымдамасы қызу талқыланып жатыр. Бұған біз де белсенді араласып, сарапшылардың арнайы басын қосып, жаңадан қабылданатын заңға қатысты пікір-ұсыныстарымыз­ды білдірдік. Өз ойымызды ғана ортаға салып қоймай, көпшіліктің үніне де назар аударып, сұрақтарына жауап бердік. Бұл үшін біздің жиын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Оны 3 мыңнан аса адам тамашалап, 200-ден аса азамат пікірлерін жазып, сауалдарын жолдады.

Саясат • 24 Ақпан, 2020

Тиімді диологқа жол ашады

Митинг туралы жаңа заң жобасында бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған. Ол бейбіт жиналыс, митинг, пикет, жиналыс, демонстрация, шеру секілді ұғымдардың мәнін нақтылап, олардың айырмашылықтарын көрсетіп бермек.

Таным • 24 Ақпан, 2020

Өткен ғасыр өрнегі

Ұлттық музейде «Суретшілер мен Целиноград. Тіршілік пен қала» атты көрме ашылды. Іс-шара қаланың айрықша мәдени естелік орны һәм тың өлкесіндегі кәсіби өнерге үлес қосқан тұлғаларға құрмет ретінде Целиноград қаласы Суретшілер одағы мүшелерінің (1961-1997 жж.) шығармашылығына арналған.

Таным • 24 Ақпан, 2020

Әлихан Бөкейхан: Санкт-Петербург және Самара іздері

(Соңы. Басы 36-нөмірде)  Әлихан және татар элитасы Сөз басында Әлекеңнің аз уақыттың ішінде Самарадағы беделді тұлғалардың біріне айналғанын айтып өттік қой. Бұл тұста қалада татар ұлтының өкілдері көп еді. Мәселен, 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының нәтижесінде Самарада 2803 татар өмір сүретіні анықталған. Бұл қала халқының 3,2%-ы. Әйтсе де бұл нақты көрсеткіш емес. Өйткені санақ барысында нан базарындағы маусымдық жұмыскерлер, шаруалар, жәрмеңке саудагерлері мен уақытша тіркеудегілер есепке алынбаған. Сол кездегі Самара қаласының билігі болса татарлардың саны 3 000 адам деген ұстанымда болған. Ал басқа деректерде ХХ ғасырдың бас кезінде қаладағы татар қауымының жалпы саны 6000 адам болғаны айтылады.